22 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал қаласында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

12 Шілде 2026 09:48
- Дәулет, Жаңалықтар
Арал қаласында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРАЛ. 12 шілде. Бүгін Қызылорда облысының Арал қаласында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты салтанатты жағдайда қатарға қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жаңа зауыттың ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, сондай-ақ бір топ зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Жиында аймақ басшысы жиналған жұртшылықты осы қуанышты оқиғамен құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

«Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын. Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл – еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба. Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

«Тоғыс – Арал отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы Мейрамбек Жұмашев) жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы – 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортқа шығарылады.

Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйледі. Соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Таңбалар: Арал қаласыас тұзы зауытыашылу рәсімі

Ұқсас мақалалар

Арал қаласында «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңі өтті
Әлеумет

Арал қаласында «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңі өтті

25.05.2026
Қосшы қаласында заманауи үлгідегі жаңа емхана пайдалануға берілді
Аймақ

Қосшы қаласында заманауи үлгідегі жаңа емхана пайдалануға берілді

15.01.2026
Қызылордада «Достық үйінің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді
Аймақ

Қызылордада «Достық үйінің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді

05.01.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist