10 Қыркүйек, 10:09
RAST.kz
USD USD 456.89 ₸
EUR EUR 531.36 ₸
RUB RUB 5.32 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорданың сол жағалауында 500 орындық емхана бой көтереді

19 Ақпан 2026 22:20
- Жаңалықтар, Тіршілік
Қызылорданың сол жағалауында 500 орындық емхана бой көтереді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 ақпан. Сыр бойы бас қаласының сол жағалауында бүгін 500 келушіге лайықтанған жаңа емхананың іргетасы қаланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған арналған іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты.

 

Аймақ басшысы сол жағалауға қоныстанушылардың сұранысына сәйкес құрылысы басталған жаңа нысан тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары кешенді жүргізіліп келеді. 2022-2025 жылдары салаға 50 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді, 26 млрд 400 млн теңгеге 40 медицина нысаны салынып, пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы белгіленген жоспарға сәйкес толығымен орындалып, 10 млрд 700 млн теңгеге салынған 28 нысан халық игілігіне қызмет етуде. Жаңадан бой көтеретін емхана да шипа іздеген жандарға жылулық сыйлайтын орынға айналсын! Рамазан айы баршамызға құтты болсын! Оразаларыңыз қабыл болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Рәсімде Ақмарал Әлназарова, Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Асылбек Тоғызбаев бата берді.

Айта кетейік, сол жағалауда бой көтеретін 500 орындық емхана  тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық медициналық қызмет көрсететін көп салалы мекеме болады. Мұнда жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған.

Сонымен қатар, нысан 50 төсектік күндізгі стационар, дәрілік қамтамасыз ету бөлімі, орталық стерилизация, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.

 

Таңбалар: емханаҚызылордасол жағалау

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысында қоқыстарды жою жұмыстары жалғасын тапты
Аймақ

Қызылорда облысында қоқыстарды жою жұмыстары жалғасын тапты

08.09.2026
Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған
Әлеумет

Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған

06.09.2026
Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті

05.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды

  • Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Үкімет құрамы жасақталып бітті: кейбір салаларда министрлер ауысты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.89 ₸
EUR EUR 531.36 ₸
RUB RUB 5.32 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist