22 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

9 Шілде 2026 20:30
- Жаңалықтар, Таным
Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 9 шілде. Белгілі ақын, аудармашы, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Исабаев 72 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының хабарламасына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденінің иегері.

Нұртас орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» газетінде корректор болып бастаған.

Ол 1982 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.

Ақынның «Бастау» атты алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрді. Кейін «Өмірді сүю» (1987), «Ұлылықпен сырласу» (1990), «Қимаймын сені» (1998), «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманымен қауышты. Бірқатар өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

«Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Біз де тағдыры талай сынақтың үстінде өткен, жас кезінен мүгедектіктің меселін кешкен атпал азаматтың, арқалы ақынның, қайсар қайраткердің қазасына орай оның туған-туыстары мен жақындарына және барша оқырмандарына көңіл қошын білдіреміз.

Алла алдыңнан жарылқасын, Нұртас Ибрагимұлы! Пейіште нұрың шалқысын.

Таңбалар: ақынқазаНұртас Исабаев

Ұқсас мақалалар

Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады
Әлеумет

Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

19.07.2026
Ресейге алапат санкция енгізудің бастамашысы Грэм кенеттен көз жұмды
Жаңалықтар

Ресейге алапат санкция енгізудің бастамашысы Грэм кенеттен көз жұмды

12.07.2026
Өмірі өнегенің өрісі еді
Аймақ

Өмірі өнегенің өрісі еді

01.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist