14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белградта қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатын жеңіспен ашты

26 Қазан 2021 10:45
- Жаңалықтар, Сайыс
Белградта қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатын жеңіспен ашты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЛГРАД. 26 қазан. Кеше Сербияның астанасы – Белград қаласында жалау көтерген әлемнің 21-ші чемпионатында қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Бұл күні 1/32 финалдық іріктеу айқастары басталды. Бізден алдымен 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов (суретте) Азияның қазіргі чемпионы, моңғол Энкх-Амара Хархуумен қолғап түйістірді. Төрешілер жеңісті бір ауыздан біздің спортшыға берді – 5:0! Ол енді 1/16 финалда жапон Рейто Цуцумимен жұдырықтасады.

Біздің екінші боксшымыз – 67 кг салмақтағы Абылайхан Жүсіпов тайпейлік Лин Юмен ұшырасты. Мұнда да қазақстандықтың басымдығына ешкім шәк келтірмеді. Абылайхан келесі айналымда веенсуэлалық Кристиан Паласиомен күш сынасады.

Бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері 51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов Рио Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері өзбек Хасанбой Дусматовпен бірге кімнің мықты екенін анықтаса, 75 кг салмақтағы дебютант Нұрқанат Райыс черногориялық Стефан Савковичпен шайқасады.

Қалған боксшыларымыз жөнінде. 48 кг салмақтағы Теміртас Жүсіпов екінші айналымда, 1/16 финалда іске қосылады. Ол Мұхаммед Үнлү (Түркия) / Омер Амитович (Сербия) арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Қалай болғанда да, түрік оғланына тап келгелі тұр.

54 кг салмақтағы Махмуд Сабырхан Корея өкілімен беттеседі.

60 кг салмақтағы Саматәлі Төлтаев бірінші айналымдағы ұрысқа қатыспайды. Оның егіз сыңары Санатәлі Төлтаев 63,5 кг салмақта рингке шығып, молдован Чеботарумен айқасады.

71 кг салмақтағы Асланбек Шымбергенов бірінші шайқасын ирандық Моради Аташпен өткізеді. Одан өтсе, 1/16 финалда Рио Олимпиадасының финалына Данияр Елеусіновтен жеңілген өзбек Шахрам Гиясовпен ұшырасуы мүмкін.

80 кг салмақтағы Нұрбек Оралбай екінші айналымда шығып, бразилиялық Филмомен ұрыс салады. 86 кг салмақтағы Бек Нұрмағамбет те бразилиялық Мачадомен бірінші айналымда шайқасады. 92 кг салмақтағы Айбек Оралбай поляк Березницкимен қолғап түйістіреді. Ал аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай 1/16 финалда испан Друсси Гадфамен тіреседі.

Бүгін «Қазспорт» телеарнасы 17:00-18:20 және 22:00-02:10 аралығында әлем чемпионатынан репортаж береді.

 

Таңбалар: әлем чемпионатыБелградбокс

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist