21 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

5 Тамыз 2026 19:56
- Жаңалықтар, Таным
Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 тамыз. Қазақ киносында өзіндік айтарлықтай орны бар талантты кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың жүрегі 71 жасында соғуын тоқтатты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға бүгін, 5 тамыз күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің Telegram-арнасында берілген хабар арқылы белгілі болды.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және барша киносүйер қауымға көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов 1955 жылғы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл ауылында туған. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). «Құрмет» орденінің иегері (2005).

Ол 1977 жылы педагогикалық институтты бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1988 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін С. Соловьевтің класы бойынша тәмамдаған.

1992-2002 жылдары «Қазақфильм» студиясының директоры болды. Алматы театр және көркемсурет институтында (кейінгі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) сабақ берді. 1996 жылы профессор атағын алды.

Бар ғұмырын ұлттық кино өнерін дамытуға арнаған Ардақ Жамансарыұлы Қазақстан кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол талантты режиссер болумен бірге, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын кино мамандарын даярлап шығарып, олардың қалыптасуына ықпал етті.

Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі» (1991), «Абай» (1995), «Қош бол, Гүлсары!» (2008) секілді фильмдері ұлттық киноның алтын қорына қосылды. Соңғы жылдары түсірген «Үнсіздікте» (2018), «Хирург» (2022), «Жел тоқтаған жер» (2023) атты картиналары да көрермен қауымның ықыласына бөленді. Оның туындыларында ел тарихы, халықтың рухани құндылықтары мен адам тағдыры терең бейнеленіп, кәсіби мамандар тарапынан жоғары баға алды.

Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі өмір жолы және қазақ мәдениеті мен кино өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі халық жадында мәңгі сақталады.

Қош бол, кино өнерінің тарланы!

 

Таңбалар: Ардақ Әмірқұловкинорежиссерқаза

Ұқсас мақалалар

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026
Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады
Әлеумет

Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

19.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist