25 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан ЧМ-2026 іріктеу турнирінде Бельгиямен тең ойнады (видео)

15 Қараша 2025 22:03
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан ЧМ-2026 іріктеу турнирінде Бельгиямен тең ойнады (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 15 қараша. Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің қорытынды матчында Бельгиямен тең түсіп, сансация жасады. Бұл туралы «Футбол на Куличках» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгиямен тең ойнады.

J тобындағы кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында ойналды. Ол 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан – Бельгия 1:1 (1:0)

Астана. 15 қараша. «Астана Арена» стадионы, 28 000 жанкүйер

Арбитр: Донатас Румпас (Литва)

Қазақстан: Темірлан Анарбеков, Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Рамазан Оразов (Дамир Қасаболат, 90+1), Еркін Тапалов (Георгий Жуков, 90+1), Ислам Чесноков, Максим Самородов (Дінмұхамед Қараман, 80), Ғалымжан Кенжебек (Арсен Әшірбек, 56), Дастан Сәтбаев (Иван Свиридов, 56).

Бельгия: Матц Селс, Хоакин Сейс (Максим де Кейпер, 80), Кони де Винтер, Артур Теате, Тимот Кастань, Амаду Онана (Алексис Салемакерс, 71), Николас Раскин (Ромео Верман, 89), Шарль Де Кетеларе (Юри Тилеманс, 71), Ханс Ванакен, Жереми Докю, Леандро Троссар (Лои Опенда, 71).

Голдар: Дастан Сәтбаев (9), Ханс Ванакен (48)

Ескертулер: Еркін Тапалов (30), Амалу Онана (40), Дастан Сәтбаев (47), Бағдат Қайыров (70), Темірлан Анарбеков (84);

Алаңнан қуылу: Ислам Чесноков (79).

Қазақстан құрамасы ЧМ-2026 іріктеу турнирінің қорытынды матчында сенсация жасады. Коуч Талғат Байсуфиновтің жігіттері топ көшбасылары – Бельгия терме жамағатына өз алаңында есе жібермеді. Ал турнирдің бірінші айналымында «қызыл перілер» өз алаңында өздерінің бүгінгі қарсыластарын 6:0 етіп ұтқан еді.

Бүгінгі кездесуді алаң иелері өте екпінді бастады. Олардың алғашқы шабуылдарының бірінде Ғалымжан Кенжебектің ұрған добын Матц Селс секіріп барып қайтарды. Алайда арада небәрі бір минут өткеннен кейін алаң ортасында доп алған Дастан Сәтбаев барынша жылдам қарқынмен қонақтар айып алаңына жетіп, өзін қарауылға алып жүрген Артур Театені қапы қалдырып, қақпаның сол жақ бұрышын дәл көздеді. Гол!

Бұған дейін құрама сапында бес рет алаңға шығып үлгерген Дастан осылайша өзінің бірінші голын салды. Бұл сонымен бірге жасы жағынан ең кіші ойыншының голы тұрғысында жаңа рекорд болып тіркелді.

Сәтбаев бұдан кейін өзі алаңнан кеткенше өте жоғары деңгейде ойнады. Сондықтан оның осы жолы гол соғуы заңдылық еді.

Ойын тізгінін көбірек ұстаған бельгиялықтар екінші таймның басында таразы басын теңестіріп кетті. Голды 48-минутта Ханс Ванакен баспен ұрып түсірді. Меймандар бұдан кейін де есепті ұлғайтуға біраз мүмкіндік алды. Бірақ олардың алдына қарсы тұрып алған қақпашы Темірлан Анарбеков бұған жол бермеді.

Матчтың соңында оның үздік ойыншысы ретінде сондықтан біздің голкипердің аты аталды. Ол кездесуде 8 сейв жасады.

Турнирді 4 ұпаймен аяқтаған Қазақстан құрамасы топта төртінші орынға жайғасты.

Ал топ бастап келе жатқан Бельгия әлем чемпионатына жолдаманы бұл жолы ала алмай қалды. Ол лицензия алу үшін енді 18 қараша күні Лихтенштейнмен өтетін ойынында жеңіске жетуі керек.

 

Таңбалар: Бельгияқазақстан құрамасыфутбол

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist