17 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады

12 Қазан 2026 17:41
- Жаңалықтар, Қоғам
Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 қазан. Қазақстанға ресми сапармен келген Бельгия Королі Филипп бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде сөйлеген сөзінде қазақша тілек айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бельгия Королі Президентке «Шаңырағыңыз биік болсын!» деген жылы лебізін білдірді.

Король Филипп Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен жақын танысуға ниетті екенін жеткізді.

«Астана мен Алматының көрікті жерлері мен музейлерін аралап, Алтын Орда дәуірінен тамыр тартатын тарихпен тіл қатысуға асықпын. Бельгия делегациясымен бірге Абай шығармаларында айрықша суреттелген, қазақтың ұлттық ерекшеліктерін паш ететін табиғи және мәдени қазынамен танысуға құштармыз. Қазақ елі қонақжайлығымен мәшһүр. Елдеріңіз қоғамның ынтымақ-бірлігін өз ішінде ғана емес, аймақтық және халықаралық деңгейде нығайтуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Осы бағытта Қазақстан әрдайым маңызды рөл атқарады», – деді ол.

Бельгия Королі көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да алғыс айтты.

Король Филипп мұның алдында ілтипатпен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахметін арнаған болатын.

«Президент мырза, Сіз Брюссельге келген кезіңізде бізді еліңізге мемлекеттік сапар жасауға шақырған едіңіз. Бұл ұсынысты бірден қабыл алдық. Сапарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы үш күн ішінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жол ашатын мүмкіндіктермен жақын танысамыз. Мәдени байланыстардың арқасында достығымыз одан әрі беки береді. Ал сапарымыз аясында Қазақстанның бай мұрасы мен төл дәстүріне көзайым боламыз», – деді Бельгия Королі.

Король Филипптің айтуынша, Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі саналады. Қазақстан нарығында бірқатар бельгиялық компания жұмыс істейді. Ол алдағы Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесі отырысына көп үміт артатынын жеткізді. Сондай-ақ Бельгия Королі Қазақстанның халықаралық аренада беделі артып келе жатқанына және экономиканың барлық саласында қарқынды өсім байқалатынына назар аударды.

«Еліңіздің әлемдік аренадағы орны нығайып келеді. Жуырда ғана халқыңыз мемлекеттің жаңа мақсат-міндеттерін айқындаған конституциялық реформаны қолдады. Бүгінде Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді қастерлейтін, барлық жағынан заманауи қоғам құрып отыр. Жоғары білімді азаматтардың, орта таптың көптігі және озық инфрақұрылымның арқасында елдеріңіз болашақтың сын-қатерлеріне төтеп беруге әзір. Қазақстан цифрландыру саласында көш бастап тұр, әсіресе, жасанды интеллект бағытында бірегей шешімдер әзірлеуде. Alem.AI орталығына барып, елдеріміз арасындағы синергияны ілгерілету мүмкіндіктерін талқылауға қызығушылық танытып отырмыз», – деді ол.

«Шаңырағыңыз биік болсын! Мен бұл сөзді дұрыс айттым деп ойлаймын. Қазақстанға мемлекеттік сапарымыздың мәнін аталған тілек толығымен ашады. Отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын, ырыс пен несібені, бейбіт өмір мен жылы ұяны осы бірауыз сөзге сыйдыруға болады», – деді Король Филипп.

Таңбалар: БельгияКороль ФилиппҚазақстан

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды
Әлеумет

Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

05.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist