19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Президент су тасқынына орай бірнеше әкімнің қызметтен кететінін ескертті

31 Наурыз 2024 23:15
- Жаңалықтар, Қоғам
Президент Қазақстан гербін өзгерту жөнінде ақылдасу керектігін айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 31 наурыз. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқынына орай шұғыл кеңес өткізіп, онда бірнеше облыс әкімінің қызметтерін лайық емес екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Жиында Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.

Жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке – қатаң сөгіс, Ақтөбе облысының әкісі Асхат Шахаровқа, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Президент жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс жасау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-министрдің төрағалығымен республикалық штаб құру, сондай-ақ барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Мемлекеттік құрылымдарға табиғат апаты салдарынан болған шығын көлемін анықтау және алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Таңбалар: ескертуҚасым-Жомарт Тоқаевсу тасқыны

Ұқсас мақалалар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді
Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді

17.10.2026
ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары қазақ ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

08.10.2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды
Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрлігінің үш басшысын орындарынан алды

03.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist