17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Париж-2024: Дзюдошы Елдос Сметов – Олимпиялық ойындардың чемпионы! (видео)

27 Шілде 2024 22:45
- Жаңалықтар, Қоғам
Париж-2024: Дзюдошы Елдос Сметов – Олимпиялық ойындардың чемпионы! (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 27 шілде. Бүгін Парижде басталған XXXIII жазғы Олимпиялық ойындардың бірінші жарыс күнінде дзюдошы Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы алтын медальды әкелді. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта әлгінде ғана Париждің «Champ de Mars Arena» спорт сарайында тегі картвель (грузин) Франция палуаны Лука Мхеидзені визари нәтижесімен жеңіп, Олимпиаданың чемпионы атанды. Осылайша Қазақстанға XXXIII жазғы Олимпиаданың алғашқы алтын медалін алып берді.

Француз татамиінде бүгін таңертең басталған дзюдо турнирінде Елдос Сметов 1/16 финалда тегі картвель Нидерланд атлеті Торнике Чакадуаны қосымша уақытта үш ескерту алғызуымен ұтты. Келесі 1/8 финалда украиналық Дильшат Халматовты визари ұпайымен тізе бүктірді. Ал ширек финалда әлем рейтингісінде бірінші болып тұрған Тайпей өкілі Ян Юн Вейді визари арқылы жарыс жолынан шығарып тастады. Сосын жартылай финалда әлемнің 2023 жылғы чемпионы, Еуропаның үш дүркін чемпионы испан Франсиско Горригостан қосымша уақытта иппон нәтижесімен басым түсті.

Елдос осылайша өзінің үшінші Олимпиадасында оның шыңына шықты.

Елдос Бақтыбайұлы Сметов – Жамбыл облысының өкілі. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл (қазіргі – Тараз) қаласында туған. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлемнің 2015 жылғы чемпионы, 2022 жылғы қола жүлдегері, әлемнің 2010 жылғы жастар арасындағы чемпионы, Азияның 2016 жылғы чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Өкінішке қарай, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте швециялық Тара Бабулфатқа есе жіберіп алды.

Ол бұған дейін израильдік Шира Ришориді визаримен, тайпейлік Чен Хао Линді иппонмен ұтып, ширек финалда испан Лаура Абелиндадан қосымша уақытта жеңіліп қалған. Содан кейін жұбату белдесуінде парагвайлық қарсыласын ұтып, қола медаль үшін шайқасқа жолдама алып еді.

Еске сала кетейік, Қазақстан спортшылары бүгін бұған дейін бір қола медаль жеңіп алған болатын. Оған 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қол жеткізді.

Сөйтіп, Қазақстан қоржынында бірінші күннен 1 алтын, 1 қола медаль бар.

Таңбалар: Елдос СметовОлимпиада чемпионыПариж

Ұқсас мақалалар

Зеленський Еуропа одағымен өте жақсы келісім жасасып қайтты
Жаңалықтар

Зеленський Еуропа одағымен өте жақсы келісім жасасып қайтты

29.03.2025
Өзбек боксшыларының бас бапкері Толқин Қиличев жүрек талмасына ұшырады
Жаңалықтар

Өзбек боксшыларының бас бапкері Толқин Қиличев жүрек талмасына ұшырады

10.08.2024
Париж-2024: Палуан Демеу Жадыраев Олимпиада финалына шықты (видео)
Жаңалықтар

Париж-2024: Палуан Демеу Жадыраев Олимпиада финалына шықты (видео)

06.08.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist