13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ

17 Маусым 2026 07:00
- Жаңалықтар, Таным
ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Біздің оқуға түскен шағымызда студенттер әскерге барғандар және мүлде бармағандар болып екіге бөлінетін. Осы екі топтың мінез-құлқы әр түрлі. Екі жыл керзі етік кигендер еңсесін көтеріп, еркін жүреді. Оқытушыларға етене жақындау болады. Ара-тұра көсіліп орысша сөйлейді. Әскердің иісі мұрнына бармайтындар да көштен қалып жатқан жоқ. Мектеп бітіре сала университеттің табалдырығынан аттайды. Уақыт жоғалтпайды. Әлгі жігіттер ел қорғап болып, аман-есен қайтып оралып, білім ордасына енді ғана табан іліктіргенде бұлар оқуды орталап тастайды. Бәрібір ересектер тобының бәсі биігірек тұрады. Ұстаздар да оларды ерекше сыйлайды. Жасы кіші курстастары да соларды көрсе інгендей қайқаңдап, едәуір айбыныңқырап қалады.

Сондай сақа студенттің бірі өзімізбен қатар оқуға түсті. Журфакқа емес, әрине. Жатақханасының іргесі біздің әйгілі жатаққа жанасыңқырап тұрған тарих факультетіне келді. Бала кезімізде «Деуші едік аспан тым биік, Бекер екен онымыз. Төбемізге тұр тиіп, Жетер созсақ қолымыз!», – деген өлең бар еді. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринге арналған жырдың бір үзігі. Сол секілді журфактың бесінші жатақханасынан созылған қол тарфактың алтыншы жатақханасының тұрғындарын адаспай табары анық-ты. Екі жатақхананың арасындағы қуыстың тарлығы сонша, бес-алты адам қатарынан өте алмайды. Екі факультеттің етене екеніне одан артық қандай мысал керек, а? Жалпы, жапсарлас тұрған журфак, филфак және тарфак студенттерінің аралас-құраластығының аңызға айналған мысалдары жеткілікті.

Біздің кейіпкеріміз де сол үш факультетке ортақ ұл еді. Бірақ ол студенттік билеті қолына тигенше соқтықпалы, соқпақсыз жолдан өтті. Мектеп бітіре сала қара жұмыстың көрігін қыздырды. Одан әскерге кетті. Кеткенде де әбден шығандап кетті. Венгрия ма, Германия ма, Чехословакия ма, әйтеуір Еуропаны жайлаған еркіндеу елдің біріне барып, армияның айбынды мектебінен өтіп қайтты. Келе сала керзі етікті Шиелінің шаңдағына атып ұрып, студент партасына бірден қонжия қалған жоқ. Тағы да үш жылдай өндірісте еңбек етті. Кейінірек дайындық курсына түсіп, мектеп бітіргеніне алты-жеті жыл өткен соң ғана КазГУградтың қыр арқасындағы биік төбеге жүрелеп отырып жалауын тікті. Осылай «ғасырдан ұзақ» мезгілді бастан өткеріп алып студент атанған ол уақыттан ұтуға тырысты. Біз оның ойлағаны орындалатынына шүбәсіз сендік. Себебі ол аса ұқыпты, өте жинақы, тым жігерлі жігіт-тін. Жүріс-тұрысы да, қимыл-қозғалысы да ширақ. Жұртқа қайырымды. Уәдесінде тұрады. Қай істің де көзін біледі.

«Ештен кеш жақсы» дегендей, әскерден келген, одан соң да еңбек майданында шыңдалған сақа студент қозы көш жерге ұзап кеткен қатарластарын қиналмай қуып жетті. Оқуды үздік бітірді. Оқу орнында қызмет атқарды. Кандидаттығын да, докторлығын да елдің алдымен қорғады. Іскерлік әлемінде де асығын алшысынан тұрғыза алатынын анық көрсетті. Мемлекеттік қызметті жілікше шақты. Екі рет халық қалаулысы болды. Осынау күрделі кезеңде бедел биігінен, абырой асуынан түспеді.

Сөйтіп, бес жыл бірге оқыдық. Сыр бойындағы байырғы оқу орнында бірге қызмет істедік. Одан кейін де жолымыз талай түйісті.

Айтпақшы, әңгімені атақты үш факультеттің бірлігінен бастаған екенбіз ғой. Алтыншы жатақхананың айбарлы тұрғыны, тарих факультетінің тепсе темір үзетін студенті менің Свет досым секілді жылуды журфактан, сұлуды филфактан тапты…

*  *  *

Сонымен, кейіпкеріміздің аты-жөні – Мұрат Бақтиярұлы. Аман жүріңіз, Мұқа! Жақсылық тілейміз сізге!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2023 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: ғалымМұрат Бақтиярұлыстудент

Ұқсас мақалалар

НОҒАЙ АРУЫ
Жаңалықтар

НОҒАЙ АРУЫ

04.07.2026
Мурманскілік студент соғысқа қарсы болғаны үшін 15 жылға сотталды
Әлеумет

Мурманскілік студент соғысқа қарсы болғаны үшін 15 жылға сотталды

01.06.2026
ТЕМІРХАН АҒАНЫҢ ТӘЛІМІ
Таным

ТЕМІРХАН АҒАНЫҢ ТӘЛІМІ

01.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist