6 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекеннен» кетті

17 Қаңтар 2022 10:46
- Дәулет, Жаңалықтар
Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекеннен» кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 қаңтар. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастығы қызметінен алынды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Құлыбаев бұл қызметтен кетуге өз еркімен арыз жазып берді.

Бірақ әзірге оның Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің төрағасы қызметінде қала беретіні айтылған.

Тимур Асқарұлы Құлыбаев 1966 жылы Алматы қаласында туған. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан. Әкесі Асқар Құлыбаев кезінде партия-кеңес қызметінде болып, бірінші хатшы ретінде Гурьев облысын басқарған.

Тимур Құлыбаев – Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның күйеуі. Екеуі үш бала тәрбиелеген. Ол осы кезге дейін елде өзі үшін мүмкін болған барлық «майлы» қызмет орындарының бәрін басқарып шықты. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тізгінін 2013 жылдан ұстап келді.

«Форбстың» мәліметі бойынша, Тимур әйелі Динара екеуі Қазақстандағы ең бай олигархтардың бірінен саналады. Қазір бұлардың әрбірінің жеке есепшоттарында 3.5 миллиард долларға жуық қаржы бар.

Құлыбаевтың өмірінің екінші жағы – оның бүгінде Ұлыбританияда тұрып жатқан 1980 жылы Жамбыл қаласында туған, қазір «Гоги Ашкенази» атанып жүрген Гауһар Еркінқызы Берқалиевамен көңілдестік қарым-қатынасы. Бұл туралы ештеңе де айтпасқа болар еді, егер бұл арыстан жалды әйел осы ашыналықтың арқасында Қазақстанның есепсіз байлығының бір пұшпағына ие болып отырмаса. Оның бүгіндегі байлығында да есеп жоқ.

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні Назарбаевтың бұдан басқа екі күйеу баласы өте «майлы» қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болған еді. Атап айтқанда, Дариға Назарбаевтың азаматтық күйеуі Қайрат Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағалығынан, Әлия Назарбаеваның күйеуі Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ басқарма төрағалығынан кетті.

Таңбалар: АтамекенқызметТимур Құлыбаев

Ұқсас мақалалар

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
Әлеумет

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті

13.06.2026
Қызылорда облысында 40-тан астам полиция династиясы бар
Аймақ

Қызылорда облысында 40-тан астам полиция династиясы бар

20.06.2025
Құлыбаевтың Атыраудағы мұнай компаниясына 14 млрд теңге айып салынды
Дәулет

Құлыбаевтың Атыраудағы мұнай компаниясына 14 млрд теңге айып салынды

05.08.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist