6 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Назарбаев әулетін жарылқаумен айналысқан банк қызметін өзгертеді

21 Ақпан 2022 14:43
- Жаңалықтар, Қоғам
Назарбаев әулетін жарылқаумен айналысқан банк қызметін өзгертеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 21 ақпан. Нұқыл Назарбаевтар әулетін қаржыландырумен шұғылданып келген «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қызметін толық қайта құратын болады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реформалау мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді.

Реформалар «Қазақстанның Даму банкі» ел үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар өтелу мерзімі ұзақ ауқымды және капиталды қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірісті қаржыландыруға басымдық беруі керектігін білдіреді.

«ҚДБ жаңа өндірістерді құруды қаржыландыруға назар аударуы керек. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрландыру және банк қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет», – деді Смайылов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚДБ жұмысын сынға алып, банк мемлекеттік қолдау жүйесінің бір бөлігі ретінде Қазақстан экономикасында олигополияны нығайта отырып, негізінен ірі компанияларға қызмет етіп жатқанын айтқан болатын.

«Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі», шын мәнінде, қаржылық, өнеркәсіптік және құрылыс топтары өкілдерінің таңдаулы тобына арналған жеке банкке айналды. Біз барлығының аты-жөнін білеміз. Жоғары кеңселерге қол жеткізуді пайдалана отырып, олар қызмет көрсету үшін жеңілдіктер алады. Осы жобаларға шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалатын мемлекет ресурстары бағытталуда. Үкіметке ҚДБ қызметін қайта құрылымдау тапсырылды», – деді Президент Мәжіліс отырысында.

Сындардан кейін ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов қызметінен кетіп, оның орнына Руслан Ысқақов келді.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты болып табылады. Негізгі қызмет түрлері: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды ынталандыру және тарту. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.

 

Таңбалар: Даму банкіНазарбаевтарреформа

Ұқсас мақалалар

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады
Жаңалықтар

Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады

02.02.2026
Сыр бойында конституциялық реформалардың жайы талқыланды
Аймақ

Сыр бойында конституциялық реформалардың жайы талқыланды

02.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist