18 Қараша, 19:11
RAST.kz
USD USD 443.96 ₸
EUR EUR 487.73 ₸
RUB RUB 5.38 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәрікбаев ректорларды жауапкершілікті сезінуге шақырды

23 Ақпан 2021 20:04
- Жаңалықтар, Қайнар
Нәрікбаев ректорларды жауапкершілікті сезінуге шақырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 23 ақпан. КАЗГЮУ университеті басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қазақстандық ЖОО-лардың ректорларын білім саласына әлеуметтік жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл туралы университет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Талғат Нәрікбаев аталмыш әңгімені жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен кездесуде қозғады. Жиында 120-ға жуық университет басшыларыы жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді сөз етіп, білім сапасын арттыру жолдарын талқылады.

«Құрметті әріптестер, баршаңызды білім саласына бизнес емес, әлеуметтік жауапкершілік ретінде қарауға шақырамын. Енді бұрынғыдай мемлекеттік үлгідегі дипломдар болмайды. Сондықтан әрқайсысымыз ел алдында, студенттер мен ата-аналар алдында білім сапасы үшін жауаптымыз. Біздің басты клиентіміз – студенттер емес, жұмыс берушілер. Қазір білім алып жатқан студенттер кейін біздің және балаларымыздың болашағына ықпал етеді», – деп атап өтті Талғат Мақсұтұлы.

Оның айтуынша, егер университет студенттен оқу ақысын ала отыра еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы білім бермесе, ол алаяқтық деп есептеледі.

«Тұтынушы өзі күткендей сапалы білім ала алмаған жағдай да кездесуі мүмкін. Кәсіби құзыреттілігінің төмендігінен жұмыссыз қалған студенттер немесе ата-аналары оқуға жұмсалған ақшаны қайтаруды талап етіп, университетті сотқа бере бастауы да мүмкін», – деді ол.

Сондай-ақ Талғат Нәрікбаев оқу процесі мен бизнес-процестерді цифрландыру әрдайым ақшаға тіреле бермейтінін атап өтті. Университеттің ішінде қандай проблемалар бар екенін, нәтижелері қай кезеңде «тоқтап қалатынын» немесе бұрмаланатынын түсіну үшін сапалы және терең аудит жүргізіп, процестерге қанша уақыт жұмсалатынын анықтау қажет.

«Әдетте, жоғары оқу орындары ашықтықты қаламаған кезде академиялық процестерді цифрландыруға қарсы болады. Себебі білім сапасын бағалаудың, өтініштерді қараудың және шешімдерді қабылдаудың әрбір кезеңі көпшілікке көрініп тұрады және сақталып қалады», – деді Талғат Нәрікбаев.

Атап өтейік, шара Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Таңбалар: Талғат Нәрікбаев

Ұқсас мақалалар

Неге жекеменшік университеттер жайлы жиі айтылмайды?
Жаңалықтар

Неге жекеменшік университеттер жайлы жиі айтылмайды?

04.04.2021
Нәрікбаев: Еуропаның жоғары білімі Қазақстандағыдан арзан
Жаңалықтар

Нәрікбаев: Еуропаның жоғары білімі Қазақстандағыдан арзан

10.11.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

    Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 443.96 ₸
EUR EUR 487.73 ₸
RUB RUB 5.38 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist