25 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мүфтиятты реформалау қажеттігі жөніндегі петиция неге жарияланбай қалды?

11 Шілде 2024 22:30
- Әлеумет, Жаңалықтар
Мүфтиятты реформалау қажеттігі жөніндегі петиция неге жарияланбай қалды?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 шілде. Бір топ бастамашылардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын реформалау қажеттігі жөніндегі арнайы дайындаған петициясы белгісіз себептермен жарыққа шықпады. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшыларының саясаты мен уағыз-насихат нұсқаулығы және пәтуалары Қазақстан қоғамының тұтастығына сына қағып, зайырлы мемлекеттің заңын бұзып, қоғамдағы діни радикализмді өршітіп жатыр», – деп атап көрсетілген портал хабарламасында.

«ҚМДБ ұйымы өз ішінде тез арада түбегейлі реформа жасауы қажет. Осындай мәтіндегі петиция жобасы Ulysmedia.kz поштасына келіп түсті. Негізінде ол https://epetition.kz/ порталында жариялануы тиіс-тұғын. Алайда портал модераторынан «сіздің өтінішіңіз кері қайтарылды» (отклонен) деген жауап келген», – делінген ресурс ақпарында бұдан әрі.

Осыған орай Ulysmedia.kz көптен бері айтылып, көптің көкейінде жүрген жайттар көтерілген петицияның неге қолдау таппағанын жайына барлау жасап көрді. Сонымен…

Сын шын болсын, шын сын болсын

«Қоғам қайраткерлері мен дінтанушылар тарапынан қаншама дәлелді сын айтылғанымен, ҚМДБ басшылығы заман талабына сай реформа жасағысы келмей отыр. Сондықтан ҚМДБ-ның іс-әрекетін Қазақстан заңдарына сәйкестендіру бойынша мәжбүрлеп реформа жасатуды діни-идеологиялық саланы реттеуші мемлекеттік органнан – Дін істері комитетінен талап етемін», – дейді петиция жарияламақ болған «Демос» ҚБ төрағасы Тұрарбек Құсайынов.

Радикалды ағымдар әсері

Елімізде сәләфизм-уаһабизм секілді діни радикализм күшейді. Олар республиканың бірнеше өңірінде отыздан астам теракт жасағаны белгілі. «Халифат құрамыз» деп қаншама қазақстандық Сирия мен Ирак жерінде опат болды. Олардың шетелде қалып кеткен бала-шағасын тағы да Қазақстан үкіметі арнайы операция арқылы соғыс аймағынан алып шығып, елге әкеліп реабилитация жасауға қыруар қаржы бөлді.

Саланы реттейтін заң керек

Сәләфизм-уаһабизм идеясындағылар салт-дәстүр – бидғат, домбыра – харам, әйелдің еркектен құқығы төмен деген сияқты заңға қайшы түрлі экстремистік уағыз айтып, қоғамның тұтастығы мен тыныштығын бұзуда. Былтыр діни идеологияның ушығуынан туындаған күрделі жағдайға алаңдаған қоғам қайраткерлері мен депутаттар «сәләфизмге тыйым салатын заң дайындау» мәселесін көтерген. Дегенмен ондай заң дайындау мүмкін емес. Мұның объективті себебі бар: бұл наным-сенім еркіндігі берілген ҚР Конституциясына қайшы. Қазақстан мен араб елдері арасындағы экономикалық және басқа да достық қарым-қатынасты бұзады, т.б.

Діни шекара қорғалмаған қоғам

Қазақстандағы сәләфи-уаһабилер аспаннан салбырап түскен жоқ. Олардың бәрі отандасымыз, олар намаз оқуды, діни уағызды мешітте үйренді, қазір де мүмін мұсылмандармен иық тірестіріп жұма намаздың сапында тұр. Мүфтият басшылығы мен ҚМДБ имамдары мұсылман жамағатын діни радикалды идеядан арылту бағытында тиімді жұмыс жасап жатқанына күмәнмен қарайтындар өте көп. Мысалы, дінтанушы Асқар Сабдин «Мүфтият міндетін орындаса, біздің елімізде діни айыптаумен мыңнан астам адам сотталмас еді, біздің жерімізде мыңдаған деструктивті діни ағым өкілдері болмаушы еді, біздің мыңдаған бауырымыз шетел асып, Сирияға, Ауғанстанға бармайтын еді. Мәселе – діни шекараларды бекем ұстауда. Дін – экстерриториялды. Кімнің діни басымдығы жоғары – сол жерге кіріп, үкім жүргізеді» дейді.

Имамдар білімі күмәнді

Көбінде «діни шекараны бекем ұстауға» ҚМДБ қызметкерлерінің сауаты жетіспейді, ал кейбіреулері сәләфизм секілді деструктивті идеологиямен улануы әбден мүмкін. Имамдардың алған білімі ҚМДБ Жарғысында жазылған діни лауазым критерийіне сәйкес емес. ҚМДБ-ның бірнеше басшысының зайырлы университеттен алған дипломы күмәнді екені туралы баспасөзде талай мәрте жазылды. Атап айтқанда, дінтанушы Асқар Сабдин бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің діни құзіретсіздігін дәлелдеп берген.

Неке қию қандай кәсіп

Жаман мен жақсыны айыра алмаудың кесірінен мүфтият басшылығы ҚМДБ Жарғысына да, Қазақстан заңдарына да қайшы келетін діни шешімдер шығарып келеді. Мысалы, ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінде тек мемлекеттік органдар қиған неке заңды болатыны жазылған. Ұйым Жарғысында да «ҚМДБ ҚР-дағы отбасылық қатынастарды реттейтін заңнамаларға бағынады және еліміздегі отбасылық құндылықтарды мойындайды» деп көрсетілген. Соған қарамай, ҚМДБ жақында «шариғи неке қиюдың» жаңа нұсқаулығын дайындап, оны мешіт имамдарына таратты.

Мешіт сауда орны ма?

ҚМДБ-ның зекет, пітір-садақа жинауы және қажылық квотасын туристік компанияларға алалап бөлетін монополияшыл қиянаты, мешіт ғимараттарының бір бөлігін заңсыз коммерцияға пайдалануы да Салық кодексі мен басқа да экономикалық заңдарды дискредитациялап отыр.

Діни алауыздық қаупі

ҚМДБ имамдары Құранның «Бақара» сүресіндегі 7-аятты орта ғасырда Таяу Шығыста туындаған саяси кикілжің тұрғысында тәпсірлеп жүр. Аяттағы «адасқандарды» – христиандарға, Құдайдың «қаһарына ұшырағандарды» яхудилерге теңеуді тоқтатар емес. Қазақстанда әртүрлі діндегі адам, түрлі нәсілді ұлттар тұрады. «Бақара» сүресін әлгіндей тәпсірлеу қоғамда ашу-ыза тудыратыны, азаматтардың теңдігі принципін бұзатыны анық. Бұл қоғамда діни араздықты қоздырады.

Сөз түйіні:

«Біріміз ел басқарған жоғары лауазымды шенеунікпіз, біріміз халық сайлаған депутатпыз, біріміз – ғалым, біріміз – дәрігер, біріміз – студент … біріміз қарапайым еңбек адамымыз. Бізді бір қоғамға біріктіріп тұрған ҚР-ның Заңы және азаматтығы.  Қазақстанның қауіп-қатерге ұрынбай, азаматтардың еркіндігі мен құқы қорғалатын, қоғамы тату-тәтті, табысты ел болуға бәріміз мүдделіміз. Сондықтан наным-сенімімізге, ұлттық ерекшелігімізге, әлеуметтік статусымызға қарамай, ҚМДБ-ны заман талабына сай реформалау керек деп санаймын», – дейді «Демос» ҚБ төрағасы Тұрарбек Құсайынов.

Ескерту: Материалдағы «Демос» ҚБ төрағасының пікірі Ulysmedia.kz және rast.kz редакцияларының көзқарасын білдірмейді.

 

Таңбалар: мүфиятрадикалдарреформа

Ұқсас мақалалар

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады
Жаңалықтар

Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады

02.02.2026
Сыр бойында конституциялық реформалардың жайы талқыланды
Аймақ

Сыр бойында конституциялық реформалардың жайы талқыланды

02.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist