26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады

2 Ақпан 2026 21:55
- Жаңалықтар, Құқық
Өңірлік актив отырысы конституциялық реформаларды талқылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. Қызылордада конституциялық реформаларды талқылаған өңірлік актив отырысы болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Актив жиналысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жаңа Ата Заңның жобасы әзірленді. Осы мақсатта 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бір аптаға жуық жұмыс жасаған комиссия жеке азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талдады.

Ашық қоғамдық талқылаулардың, жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде жаңа Конституциялың жобасы әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, Сыр өңірі жұртшылығын бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, Парламенттік реформа жөніндегі арнайы Жұмыс тобы құрылды. Қазан айынан бері еліміздегі саяси партиялардан, сарапшылардан, саяси-қоғамдық институттардан, үкіметтік емес ұйымдардан, азаматтарымыздан Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар  жинақталды. Мемлекет басшымыз Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында жұмыс тобының ұсыныстарын негізге ала отырып, Қазақстанның алдағы саяси бағыт-бағдарын айқындап берді», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Президентіміз Құрылтайда еліміздегі бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымдарын жеткізді. Ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынды.

Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болмақ», – деді облыс ікімі бұдан әрі.

Жиында Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматтары Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Мұрат Тілеуімбетов, Қазақстанның Еңбек Ері, Конституциялық комиссияның мүшесі Имамзада Шағыртаев өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Таңбалар: конституцияНұрлыбек Нәлібаевреформа

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Жаңалықтар

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

09.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist