14 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр бойында болды

12 Қараша 2025 19:58
- Жаңалықтар, Таным
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр бойында болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қараша. Белгілі мемлекет және қоғам қайратккері, ғалым, жазушы-публицист Мұхтар Құл-Мұхаммед екі күндік сапармен Қызылорда облысында болып қайтты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақты 2007-2008 жылдары басқарып, соңында жақсы атақ-даңқын қалдырған Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр бойына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы шақыруымен келді. Бүгін ол өңір басшысының ресми қабылдауында болды.

Кездесуде Нұрлыбек Машбекұлы мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Абрарұлының кезінде Сыр елінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді.

«Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді» деген ұлағатты сөзі бар. Мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, абыройға, сый-құрметке бөленген аға буын арасында Мұхтар Абрарұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы өз алдына бөлек. Сіз Қызылорда облысының әкімі ретінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бердіңіз. Бір ғана мысал, 2007 жылы облыс бюджеті 36 млрд. теңге болса, бір жарым жылда 90 млрд. теңгеге жетті, – деді облыс әкімі. – Аз уақыттың ішінде аймақ экономикасының сан саласындағы өзекті мәселелерді республикалық деңгейде батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің проблемаларын шешуге, инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуға ықпал еттіңіз. Облыс аумағында 21 мектептің, Жаңақорған ауданында жыл бойы жұмыс жасайтын балалар тынығу лагерінің құрылысы басталды, 1 200 орындық 11 іргелі мектеп салынды. Денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылысы басталып, Арал, Қазалы аудандарында 100 орындық аурухана, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ғимараттары бой көтерді».

«Сізді халқымыз мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бүгінге дейінгі дамуына сүбелі үлес қосқан көшбасшы азамат, Алаш арыстарының озық идеяларын жалғастырушы тұлға ретінде айрықша құрметтейді», – деді Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім 2022 жылы қабылданған болатын. Сол шешімнің негізінде берілген атақ және Қызылорда облысының Құрмет грамотасы бүгінгі кездесуде тапсырылып, Сыр жұртшылығының атынан сый-сияпат көрсетілді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әр жылдары Парламент Сенатының депутаты, Президенттің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. Екі мәрте Сенат депутаты ретінде Парламентте тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына бағытталған заңдардың қабылдануына ықпал етті. Төрт мәрте Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған уақытта еліміздің мәдени-рухани дамуына, ұлттық құндылықтардың жаңғыруына жол ашты. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі ретінде ілкімді істердің бастамашысы болып, өңірдің өсіп-өркендеуіне серпін берген жобаларды жүзеге асырды.

Кездесуде қоғам қайраткерлері Жарылқасын Шәріпов, Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауларын жеткізді.

Соңында Мұхтар Абрарұлы сөз алып, өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдірді, осыған орай ізгі тілегін айтты.

Таңбалар: Қызылорда облысыМұхтар Құл-МұхаммедНұрлыбек Нәлібаевсапар

Ұқсас мақалалар

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әлеумет

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12.09.2026
Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды
Дәулет

Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды

11.09.2026
«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті
Аймақ

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

04.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist