24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медведев Зеленський мен Пашинянның кездесулеріне кіжінді

5 Мамыр 2026 23:07
- Жаңалықтар, Тіршілік
Медведев Зеленський мен Пашинянның кездесулеріне кіжінді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 5 мамыр. РФ Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Еревандағы саммитте екі ел басшысының өзара ағылшын тілінде сөйлескендеріне тас-талқан болып ашуланды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ереван саммитінде Украина президенті Володимир Зеленський мен Хайастан (Армения) премьер-министрі Никол Пашинян келіссөзді орыс тілінде емес, ағылшын тілінде жүргізді. Олардың мұнысы Димонның аузынан ақ көбігі ағып, екеуін де тілдей жөнелуіне басты себепкер болды.

Алдымен Зеленськийдің Арменияға сапарының өзі Мәскеудің қатты ашу-ызасын туғызды.

Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Дмитрий Медведев Ереванда өткен Володимир Зеленський мен Никол Пашинянның кездесуіне үзілді-кесілді пікір білдірді. Ресейлік шенеуніктің бұрқан-талқан болуына Украина президентінің Мәскеудің одақтасы болып табылатын Арменияға сапары тікелей әсер етті.

Кездесудің суреттері жарияланғаннан кейін Медведев екеуін де «руссофоб», яғни «орысты жек көруші» деп атай отырып, оларды мансұқ етіп, қорлайтын жазба жариялады. Ол бұлардың «орыс тілін жақсы біле тұрып, ағылшын тіліне жүгінгендеріне біраз тепсінді.

«Бүгін Ереванда орыс тілінде жақсы сөйлейтін екі мисыз русофоб кемістіктері салдарынан өздері нашар білетін ағылшын тілінде сөйлесті», – деп қаламын сүйкетті ол.

Армения ресми түрде әзірге Ресейдің ҰҚШҰ-дағы одақтасы болып қала береді, бірақ соңғы жылдары ол Кремльден едәуір алыстай бастады. Ресеймен соғысып жатқан Украина президентінің Ереванға келуі Мәскеу үшін ауыр соққы болды және жүйке реакциясын тудырды.

«Кремль үшін Зеленськийдің Арменияда пайда болуы ғана емес, сонымен бірге кездесудегі символикасы да ауыр тиді. Ереван Мәскеуден еш қаймықпай Киевпен тікелей сөйлесуге дайын екенін көрсетті», дейді сарапшылар.

Таңбалар: ЕреванкездесуМедведев

Ұқсас мақалалар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті
Әлеумет

Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті

10.08.2026
Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
Жаңалықтар

Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

07.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist