МӘСКЕУ. 6 мамыр. Ресей диктатурасы Мәскеудегі Қызыл алаңда әскери шеру өткізетініне орай мұндағы сақтық санаттарын барынша ұлғайтты. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осы мақсатта соңғы күндері Мәскеудің айналасында қосымша 40-тан астам әуе қорғанысы мұнаралары орнатылды.
«Кремль Украинаның артып келе жатқан қауіп-қатері аясында Мәскеуді бекініске айналдыруға шешім қабылдады», деп жазады Bild. Бұған бас қаланың барақатында дүркінді әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйесі жасалып жатыр. Спутниктік суреттердің мәліметтері бойынша, 2025 жылы қаланың жанында «Карапас-С1» зениттік зымыран-зеңбірек кешендері (ЗРПК) бар қосымша 43 мұнара орнатылған.
Сөз қырғи қабақ соғыс кезінде қолданылмаған радиусы 50 км болатын кеңестік «кішкентай сақина» әуе қорғанысын қайта құруды жалғастыру туралы болып отыр. Позициялар Орталық айналма автомобиль жол (ЦКАД) мен оны қайталайтын «кіші бетон» бойына орналасқан. Мұнда ЗРПК қондырғылары басқа аймақтардан да әкелініп жатыр, бұл Мәскеуді қорғауға биліктің қатты күш шоғырландырып жатқанын, оның үлкен үрей үстінде екенін білдіреді.
2025 жылы «Карапастардың» жаңа позициялары Зеленоград, Подольск маңында, Гжель ауданындағы ЦКАД-дағы автомобиль жолайрығының ішінде, Наро-Фоминск маңындағы бұрынғы радиотехникалық орталықтың аумағында және дәлме-дәл машина жасау Орталық ғылыми-зерттеу институтының (ЦНИИточмаш, «Ростех»құрамына кіреді) атыс полигонының жанында пайда болды. Сонымен қатар, Домодедово («Мәскеу кіші сақинасы») және Жуковский (Новорязань тас жолы, Раменское қаласының асты) әуежайларының жанында бірнеше қорғаныс зымыран қондырғысы алаңдары орнатылды.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарының қауіптері Кремльді президент Владимир Путиннің қауіпсіздік шараларын күрт күшейтуге мәжбүр етті: Financial Times газетінің хабарлауынша, ол өзінің жүріс-тұрыстары санын күрт қысқартқан, ал жақын маңдағы Президент аппаратының қызметкерлеріне телефондар мен интернетке қосылған кез келген құрылғыларды пайдалануға тыйым салынды.
FT мәнбелерінің айтуынша, Путин өзіне жасалуы ықтимал қастандықтан қатты қорқады және мұндағы басты қатер дрондардан төнеді деп есептейді. «Осыған байланысты Путин уақытының көбін жер асты бункерлерінде өткізеді», дейді мәтбұғат сұхбаттасушылары.
Мамыр айының басында Кремль көсемі Ресейдің құрамына әуе және зымыранға қарсы қорғаныс әскерлері кіретін әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысын ауыстырды. Сөйтіп, генерал Виктор Афзаловтың орнына генерал-полковник Александр Чайко тағайындалды. Кадрлық өзгерістер Әуе қорғанысы күштері тойтарыс бере алмаған дрондардың бірқатар шабуылдарынан кейін орын алған деседі.
USD




