26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мароккодағы бір стадионға 24 жастағы футболшының аты берілді

12 Қаңтар 2023 21:53
- Жаңалықтар, Сайыс
Мароккодағы бір стадионға 24 жастағы футболшының аты берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

РАБАТ. 12 қаңтар. Мағриб (Марокко) елінің Әл-Каср әл-Кабир қаласындағы муниципалды стадион бұдан былай Ашраф Хакимидің атымен аталатын болды. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.

Спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс, 24 жастағы Ашраф Хакими – Мағриб ұлттық құрамасының мүшесі, француздың «Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы.

Бұл жаңалық жайлы футболшының өзі Facebook-тегі парақшасына жазды. Ол жергілікті биліктің ұйымдастыруымен мыңдаған адам қатысқан рәсімге барып қатысыпты. Жұртшылық сүйікті футболшыларын өте жоғары деңгейде, ән салып, би билеп қарсы алыпты.

«Ашраф Хакими жақында Катарда өткен әлем чемпионатында Марокко құрамасының жартылай финалға шығып, төртінші орын алуына зор үлес қосқандардың бірі болды. Мұндай толағай табысқа бұған дейін бірде-бір Африка немесе араб елдері құрамасы қол жеткізе алған жоқ», – деп атап өтті жергілікті баспасөз.

Айта кетуіміз керек, Әл-Каср әл-Кабир – спортшы анасының туып-өскен қаласы. Чемпионат кезінде Ашрафтың анасын құшақтап түскен суреті бүкіл әлемді шарлап кетті (төменде).

2022 жылғы 20 желтоқсан күні Мағриб королі Мухаммед VI Рабаттағы сарайында әлем чемпионатында жеткен жетістіктері үшін Марокко құрамасының басқа мүшелерімен бірге Хакимиді де қабылдап, олардың бәрін III сыныпты (офицер дәрежесі) Тақ орденімен марапаттады.

Ашраф Хакими 1998 жылы 4 қарашада Испания астанасы – Мадрид қаласында туған. Ол өзінің футболшылық мансабында испанның «Реал» Мадридінде, немістің «Боруссия» Дортмундінде, итальянның «Интерінде» өнер көретіп, 2021 жылы француздың ПСЖ командасына ауысты. 2018 жылы Чемпиондар лигасының, 2017 жылы клубтық әлем чемпионатының, сол жылы УЕФА Суперкубогының, Испания Суперкубогының, 2019 жылы Германия Суперкубогының, 2022 жылы Франция Суперкубогының жеңімпазы, 2021 жылы Италияның, 2022 жылы Францияның чемпионы атанды.

Хакими әлем чемпионатында Марокко құрамасы топтық турнирде Канаданы жеңген (2:1) матчта үздік ойыншы танылды, 1/8 финалда Испанияны ойыннан кейінгі пенальти бойынша жеңуде (3:0) шешуші ең соңғы голды соқты.

Тағы бір айтатын нәрсе, Марокко құрамасының футболшылары өздеріне сый-сияпат ретінде тапсырылған барлық ақшаны елдегі жарлы-жақыбайларға таратып берді.

Таңбалар: Ашраф ХакимиМароккостадион

Ұқсас мақалалар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты
Жаңалықтар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты

10.07.2026
Сыр спорты саласындағы сенімді серпін
Аймақ

Сыр спорты саласындағы сенімді серпін

03.06.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқу корпустары мен стадионы қайтарылды
Жаңалықтар

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқу корпустары мен стадионы қайтарылды

20.02.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist