25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр спорты саласындағы сенімді серпін

3 Маусым 2025 13:27
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр спорты саласындағы сенімді серпін
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Спорт – ұлт саулығының негізгі кепілі. Ал білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Олай болса, халықтың тұрақты түрде спортпен шұғылданып, белсенді өмірге араласуы үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы айрықша. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», деген болатын.

Соңғы жылдары Қызылорда облысының спортында жағымды жаңалықтар көп болып отыр. Мемлекет басшысы және Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бастамасымен Сыр өңірінде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі жолға қойылып келеді.

Жыл басынан бері облыс орталықтары мен аудандарда 10-ға жуық заманауи үлгідегі спорт кешені  халық игілігіне табысталды.

Сонымен қатар, 2024 жылы заманауи үлгідегі Үстел теннисі орталығы салынып, спортсүйер қауымның игілігіне берілді. Жалпы, бүгінде облыста 17 мыңға жуық адам теннисті жанына серік етіп, тұрақты түрде айналысады. Тиісінше, өңірде дәл осы спорт түріне қызығушылық танытатындар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Осыған байланысты Қызылорда қаласының сол жағалауында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлескен түрде жаңа «Үстел теннисі» орталығы ашылды. Жаңа спорт нысанында 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орын, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелері бар. Орталықта қазіргі уақытта 5 оқытушы-жаттықтырушы 250-ге жуық спортшыны кәсіби бағытта баулып жүр.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы тағы бір байыпты бастама – Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы. Өткен жылдың мамыр айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен құны 20,9 млрд.теңгені құрайтын халықаралық стандарттарға сай жаңа стадионның іргетасы қаланған еді.

Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадионда жасыл алаңнан бөлек, спорттың бірнеше түріне арналған спорт залдары болады. Атап айтқанда, бокс, күрес залдары, спорттық-гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және фитнес залдары бар.

Стадионның тағы бір ерекшелігі, УЕФА классификациясы бойынша – ІІІ санатты. Ол осы жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Жақында ғана «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі екіжақты меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде, Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін спортпен шұғылдануына ыңғайлы етіп салынбақ.

Бұдан бөлек, облыс орталығында 21 млрд теңгені құрайтын көп бейінді «Kyzylorda Arena» спорт кешенінің құрылысы да басталды.

Жалпы, Қызылорда облысында қазір 1490 спорт нысаны бар. Бұл өңірдегі 1000 адамға шаққандағы спорттық нысандарымен қамтылу көрсеткіші 46,2 пайызды құрайтынын көрсетеді.

Сыр спортына жасалған ілкімді істердің арқасында өңірде бұқаралық спортпен айналысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл облыста 342 223 адам спортпен жүйелі түрде шұғылдануда. Тиісінше, бұл облыс тұрғындарының 40,4 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін бұл межені арттыру жоспарланған.

Қазіргі таңда облыс бойынша 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтиды.

Сыр спортын дамыту аясындағы нәтижелі жұмыстардың арқасында өңір спортшылары Әлем кубогынан 2 алтын, Азия чемпионатынан 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алса, Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында 72 алтын, 37 күміс, 42 қола медальдарға қол жеткізді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Таңбалар: Қызылорда облысыспортстадион

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
БАҚТИЯР БАҺАДҮР
Жаңалықтар

БАҚТИЯР БАҺАДҮР

13.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist