18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мамандығын сүйген дәрігер

7 Шілде 2025 17:01
- Әлеумет, Жаңалықтар
Мамандығын сүйген дәрігер
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Адамның өміріндегі ең қымбат байлық – денсаулық. Ал сол денсаулықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандар – дәрігерлер. Олардың әрбір күні, әрбір сағаты адам өмірін арашалауға бағытталған. Осындай абзал мамандардың бірі, Сырдария өңірінде есімі құрметпен аталатын, ақ халатты абзал жан – Айгүл Жақыпова.

Айгүл Қарсанқызы – өмірінің үш он жылдығынан астамын халыққа қызмет етуге арнаған тәжірибелі терапевт дәрігер. Ол Жезқазған топырағында дүниеге келіп, бала күнінен адамдарға көмек көрсетуді, мейірімді болуды өмірлік ұстаным етіп өседі. Осы арман оны Алматыдағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне алып келді. Медицина ғылымының күрделі де киелі жолында жүрді, 1987 жылдан бастап Сырдария аудандық ауруханасында табан аудармай еңбек етіп келеді.

Кәсіби жолын қатардағы терапевттен бастаған Айгүл Қарсанқызы көп ұзамай біліктілігімен, жауапкершілігімен көзге түсіп, аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Бұл нағыз сенім мен сыйластықтың белгісі еді. Ол басқарған жылдары бөлімше жұмысы жүйеленіп, көптеген науқастар дертінен айығып, жаңа өмірге үмітпен қадам басты. Қазіргі таңда Айгүл апай зейнет жасында болғанымен, сол бөлімшеде дәрігер ретінде жұмысын жалғастырып келеді. «Дәрігер зейнетке шықса да, жүрегіндегі мейірімі ешқашан демалысқа кетпейді» деген осы болар.

Айгүл Қарсанқызы өзінің кәсіби білімімен ғана емес, адамгершілігімен, жан жылуымен ерекшеленеді. Науқасты тек сырқатына қарап емес, жан дүниесіне үңіліп, үміт пен сенім сыйлай біледі. Оның айтуынша, «Жақсы дәрігер болу үшін тек білікті маман болу аз, жүрекпен сезіну керек, әр науқасқа жақын туысыңдай қарау қажет». Бұл сөз оның бүкіл өмірлік ұстанымын айғақтап тұрғандай.

Айгүл Жақыпова – тек білікті дәрігер ғана емес, өнегелі отбасының алтын діңгегі. Жолдасы Мұрат мұнай саласының майталманы болса, үлкен ұлы Әнуар – еліміздегі тәжірибелі кардиохирургтердің бірі. Келіні гинеколог-дәрігер, қызы – кәсіби косметолог, ал кенже ұлы – Назарбаев университетінде инженерия саласы бойынша білім алып жүр. Осындай берекелі әулет – Айгүл апай мен Мұрат ағайдың тәрбиесінің жемісі. Бұл отбасы тек медицинада емес, адамгершілік пен рухани құндылықтарда да үлгі боларлықтай.

Қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, аудан өміріне етене араласатын Айгүл Қарсанқызы – көптеген марапаттардың иегері. Кәсіби мерекелерде, түрлі салалық байқауларда оның есімі үнемі аталып, еңбегі бағаланып келеді. Бұл марапаттар – тек оның кәсіби жетістігінің емес, елге сіңірген шынайы қызметінің көрінісі.

Бүгінгі таңда ол туралы жылы пікір білдіретін әріптестері мен емделушілері: «Айгүл Қарсанқызы – өз ісінің хас шебері, жүрегі жұмсақ, сөзі жылы, білімі терең дәрігер» деп айтады. Ал бұл сөздердің артында қаншама алғыс, сауап пен шынайы риясыз тілек жатқанын сөзбен айтып жеткізу қиын.

Сыр өңірі – қашанда дара тұлғаларымен мақтанған қасиетті мекен. Сол тұлғалардың қатарында Жақыпова Айгүл Қарсанқызының есімі алтын әріппен жазылатыны сөзсіз. Өйткені ол – ақ халатты киелі мамандықтың адал өкілі, адам жанының шипагері. Осындай жанның арамызда жүргені – үлкен мәртебе.

Жансая НҰРҚОЖА,
Сырдария ауданы,

Қызылорда облысы

 

Таңбалар: Айгүл ЖақыповадәрігерСырдария ауданы

Ұқсас мақалалар

Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады
Жаңалықтар

Енді пациент терапевттің «делдалдығынсыз» діттеген дәрігеріне бірден барады

09.08.2026
Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді
Дәулет

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді

23.07.2026
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті
Аймақ

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті

28.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist