25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Көксеректегі» Құрмаштың тағдыры қандай болғанын білесіздер ме?

Ол бүкіл саналы кезеңін жалдамалы пәтерде өткізіп, өмірден озды

17 Қазан 2021 17:38
- Жаңалықтар, Таным
«Көксеректегі» Құрмаштың тағдыры қандай болғанын білесіздер ме?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Экранға 1974 жылы шыққан «Көксерек» фильмін сол уақытта көргендер арамызда қазір де аз емес. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің осы аттас повесі бойынша түсірілген лента бірден көрермен көңіліне жол тапты. Онда, әсіресе, бала Құрмашты бейнелеген 11 жасар Қамбар Уәлиевтің ойынына сүйсінбеген көрермен болған жоқ. Сол жылы Бакуде өткен кинофествальде бала актер жюридің арнайы сыйлығына да ие болған еді.

Міне, қазақ киносының тарихында ерекше орны болған сол фильмнің даңқын шығарған Қамбар Уәлиевтің тағдыры кейін қалыптасты? Кезінде мұны көп адам білген жоқ. Ал ол бар саналы өмірін жалдамалы пәтерде өткізіп, көлік жөндейтін шеберхананың жұмысы арқылы бала-шағасын асыраған.

Бұл туралы продюсер Әлия Құдайбергенова әлеуметтік желі парақшасында былай деп жазды:

«Бұл кісімен де суретке түспеппін… Жалдамалы екі бөлмелі пәтеріне барып «Жұлдыздар отбасына» сұхбат алдым. Әңгімелесуге зауқы соқпады. Жалынғандай боп, табан тіреп тұрып алдым. Тілектес екенімді, сыйлайтынымды айттым.

Келіншегі өте жақсы адам екен. Қамбар ағаның көңіліне қарағыштап, «ағаң бөлек адам ғой, Әлия. Атақпен де, ақшамен де ауырған жоқ. Ешкімнен ешнәрсе сұраған жоқ. Айтар болсақ әңгіме көп… Реніш те, қиянат та… Оның бірін де айтқызбайды, Қамбар» деп, мұңайды.

«Аға, «Көксерек» сізге не берді?» дегеніме «кір жуатын машина» деді. Еріксіз мырс етіппін, шынымен олай ойламаппын

«Көксерек» ғажап кино ғой! Ал, Құрмашты сізден өзге ойнауы мүмкін еместей! Қалай, сұмдық сендіріп ойнағансыз» деп едім, селқос қана: «есесіне күлкімді ап қойды… Содан кейін күле алмай қалдым. Психологиямның күл-талқанын шығарды…» деді.

Қазақ ұлттық кино өнерінің дамуына үлес қосқан «Көксеректі» көрмеген қазақ жоқ шығар?! Құрмашты да. Бірақ «сол бала қайда?» деген ешкім болмағаны, біздің елде таланттарды бағалаудың жоқтығы, олардың көбінің өмір сүруге икемсіз екенін біле тұра, көре тұра мән бермейтініміз жанымды ауыртты, ағаға қарап отырып… Тұрмыс-тіршіліктің ауыртпалығы, күнделікті жасап жүрген тірлігі ағаны қажытып-ақ тастапты.

СТО–да істейді екен. Әйелі мейірбике. Балалары бар. Екеуінің тапқандары пәтерақы мен ас-ауқаттан артылмайды.

«Аға, көлік жөндетуге келгендер Құрмаш деп, танып жататын шығар?» дедім, қойғым келмеген сұрақты қойып. «Жоқ, көбі емес. Бірақ, білетіндер біледі. Одан не пайда? Қазір денсаулығым да сыр беріп жүр. Баяғы сол фильмге түсіп жүргенімде суық тигізгенмін, әлі күнге сол сырқат қыр-соңымнан қалмайды..» деді.

Айтпасына қоймай, біраз дүниені ақтардық. Аға балаларының болашағына алаңдаулы екенін баса айтты. «…Жеңгеңнің жақсылығы ғой, әйтпесе мына қоғамға қажетсіз екенімді баяғыда ұққанмын! Әйтеуір… тірі жүргеніңе тәубе дейсің… Үй сұрамаймын. Өздері бірнеше рет бермек боп, қайтадан бермейтін боп… Бала емеспін ғой. Қоя салыңдаршы, дедім. Менің өмір сүргенім ешкімге де міндет емес. Менен де зорлар өтті ғой, сый көрмей…» деді, әңгіме арасында. Жаны тап-таза адам екен.

Қамбар ағаның өмірден өткені туралы хабар жанымды қарып өтті. Оған да пәлен жыл. Тіліме «рахат көрмесі кете салды-ау?!» деген сөз орала берді…

Егер талант деген бар болса, өнер деген бар болса, ол «Көксерекке» мән берген, «Құрмашқа» жан берген Қамбар Уәлиев еді ғой! Ал, ол қазақтың киносы еді ғой!

Ағаның отбасы қайда екен, жағдайлары не болды екен? Соны ойлап отырмын…

Қамбар аға жақсы актер ғана емес, жақсы АДАМ болды!

Біз ол кісінің аты аталғанда нені айтамыз? Несін айтамыз? Немізді айтамыз?

Бүкіл ғұмырын пәтерден пәтерге көшіп жүріп өткізгенін, анадай талантты майға «көміп»

 

Қамбар Уәлиев 1962 жылы туған. Алматыдағы №12 мектеп-интернатты бітірген.

Қамбар «Көксерекке» дейін «Шоқ пен Шер» лентасында Ғалымжан деген баланың образын жасаған. Ол «Көксеректе» қырғыздың атақты актері Сүйменқұл Чоқморовпен бірге ойнады. Бұдан бөлек, «Ән сабағынан – 4» деген картинаға түскен екен, бірақ ол көпке тарай қоймапты

Кейін Қамбар ересек болғасын «Шаңырақ» фильмінде басты кейіпкерді сомдады…Ол да көрерменге жақсы әсер қалдырды.

Бүкіл саналы өмірін жалдамалы пәтерде өткізген актер 2012 жылы 4 маусым күні өмірден өткен.

Бүгін әлеуметтік желіде осы жайт тағы талқыға түсіп жатыр.

 

Таңбалар: актерКөксерекҚамбар Уәлиев

Ұқсас мақалалар

ҚАЙТАЛАНБАС ҚАЛЫМБЕТОВ
Жаңалықтар

ҚАЙТАЛАНБАС ҚАЛЫМБЕТОВ

20.06.2026
Аңызға айналған каратэші актер Чак Норрис қайтыс болды (видео)
Жаңалықтар

Аңызға айналған каратэші актер Чак Норрис қайтыс болды (видео)

20.03.2026
Қазақ театры мен киносының абызы Асанәлі Әшімов дүниеден өтті
Жаңалықтар

Қазақ театры мен киносының абызы Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

21.12.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist