9 Шілде, 03:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуропа АҚШ-Украина келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жасады (видео)

12 Наурыз 2025 09:54
- Жаңалықтар, Қоғам
Трамп: Зеленьский бейбіт өмірге дайын емес, әзір болғасын келсін
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 12 наурыз. Еуропа елдерінің лидерлері Украинаның АҚШ-тың майданда 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысымен келіскенін құптайды. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Франция президенті Эммануэль Макрон X микроблогында «Доптың» енді Ресей кортында екені анық» деп жазды. Ол Париж бен оның серіктестері Украина үшін сенімді қауіпсіздік кепілдігімен қамтамасыз етілген берік және тұрақты бейбітшілікті жақтаушылар болып қала беретінін атап өтті.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украина мен АҚШ президенттерін «керемет серпілістерімен» құттықтады. Оның пікірінше, бұл Украинада бейбітшілік орнауы жолында жасалған маңызды қадам. «Қазір бәрімізге мүмкіндігінше тезірек тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікке қол жеткізу үшін күш-жігерімізді екі есе арттыруымыз керек», – деді ол.

Польша премьер-министрі Дональд Туск та 11 наурызда Киев пен Уашингтон бейбітшілік жолында маңызды қадам жасады деп санайды. Саясаткер желіде Еуропаның оның әділ әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екенін жазды.

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони келіссөздердің нәтижелерін құптады, әсіресе ұсынылған атысты тоқтату және АҚШ-тың Украинаға көмегін қалпына келтірудің маңызы зор екенін атап өтті.

«Италия АҚШ-тың президент Трамптың басшылығымен Украинаның ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әділ бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған күш-жігерін толығымен қолдайды. Шешім енді Ресейдің еншісінде», – делінген хабарламада.

Еурокомиссия райысы Урсула фон дер Лейен де украиндар мен америкалықтар арасындағы кездесудің сәтті өткенін баяндап, Киевке әскери көмек көрсетудің шұғыл қалпына келтіруне разылық білдірді. Оның пікірінше, бұл жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілікке қадам болуы мүмкін. «Доп қазір Ресейдің кортында. ЕО болашақ бейбіт келіссөздерде серіктестерімен бірге өз рөлін толық атқаруға дайын», – деді ол.

UNIAN агенттігінің хабарлауынша, кеше Жидда қаласында украиналық және америкалық делегациялар арасында маңызды келіссөздер өтті. Ұзақ уақытқа созылған кездесу тараптардың бірлескен мәлімдемесімен аяқталды.

Украина АҚШ-тың Ресей өзіне тиісті шарттарды орындаған жағдайда, өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін 30 күндік атысты тоқтатуды жүзеге асыру туралы ұсынысына келісті.

Америка Украинаға барлау және әскери көмек көрсетуді дереу қалпына келтіретін болып шешті.

Тараптар Украинаның маңызды минералдық ресурстарын бірлесіп игеру туралы келісімге келу мүмкіндігін де талқылады.

Таңбалар: ЕуропаЖиддакеліссөз

Ұқсас мақалалар

Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады
Жаңалықтар

Германия НАТО-ның еуропалық нұсқасын құру идеясын қолдады

17.04.2026
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер қайта жалғасуы мүмкін
Жаңалықтар

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер қайта жалғасуы мүмкін

14.04.2026
Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады
Жаңалықтар

Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады

09.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist