17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуродақ пен Армения өзара ынтымақтастық жолын таңдады

5 Мамыр 2026 21:26
- Дәулет, Жаңалықтар
Еуродақ пен Армения өзара ынтымақтастық жолын таңдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 5 мамыр. Еуропа одағы мен Армения қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа одағы мен Арменияның бірінші саммитінде тараптар бірқатар салаларда серіктестік туралы келісті.

Қауіпсіздіктен басқа, Ереван мен Брюссель экономика, энергетика, көлік және көші-қон мәселелері бойынша ынтымақтасады.

«Еуропа одағы мен Армения бірқатар салалардағы қатынастарды тереңдетуге келісті. Бұл ретте қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері, сондай-ақ энергетика, көлік және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық шешуші болады», – делінген Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейеннің, Еуропа кеңесінің төрағасы Антонио Кошта мен Армения премьер-министрі Никола Пашинянның 5 мамыр, сейсенбі күні Ереванда өткен саммиттің қорытындысы бойынша жарияланған бірлескен мәлімдемесінде.

«Еуропа одағы мен Арменияның алғашқы саммиті ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, алдағы жылдарға нақты бағыт пен күн тәртібін анықтайды», деді фон дер Лейен кездесу аяқталғаннан кейін.

Бұл ретте маңызды элементтердің бірі Арменияның экономикалық дамуын қолдау болады.

«Біз еуропалық компанияларды осы жерде инвестиция салуға шақырамыз», – деді фон дер Лейен.

Басқалармен қатар, жаңартылатын энергия көздеріне, атап айтқанда, күн энергетикасын дамытуға инвестиция салу көзделуде. Сонымен қатар, Еуропалық Frontex шекаралық бақылау агенттігі және Арменияның ішкі істер министрлігі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді.

Антонио Кошта Ереванның саяси бағытын жоғары бағалады. Оның  айтуынша, Пашинян Арменияның бейбітшілігі мен болашағын басымдыққа айналдырған. ЕО оның реформалар бағдарламасын қолдайды, оның ішінде қаржылық көмекті жүзеге асырады, деп қосты Еуро кеңес басшысы.

Никол Пашинян келіссөздерде Арменияның Еуропалық одаққа болашақ кіруі туралы айтты.

«Егер біз ЕО-ға қабылдансақ, біз бақытты және бұған қанағаттанамыз», – деді ол.

Оның айтуынша, Еревандағы билік ЕО-ға кіру шарттарын орындау үшін жұмыс істеп жатыр.

2025 жылы Армян Парламенті үкіметті ЕО-ға кіру процесін бастауға шақыратын заң қабылдаған болатын. Бірақ Ереван осы уақытқа дейін мүшелікке ресми өтініш берген жоқ. Бұған биліктің Ресей ықпалынан ашық шығып кете алмай, Мәскеуге қарап жалтақтауы әсер етті. Саясаттанушы Нарек Минасян «Неміс толқынына» (DW) берген сұхбатында осылай деді.

Таңбалар: АрменияЕуропа одағысаммит

Ұқсас мақалалар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді
Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпы ұлттық идеологияға айналып келеді

17.10.2026
Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist