24 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Euronews телеарнасы тұңғыш рет қазақ тілінде хабар таратуды бастады

8 Шілде 2026 14:44
- Жаңалықтар, Қоғам
Euronews телеарнасы тұңғыш рет қазақ тілінде хабар таратуды бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 8 шілде. Халықаралық Euronews телеарнасы бірінші рет қазақ тілінде хабар таратуға кірісті. Бұл туралы Exclusive.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Мұның жайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 шілде күні Euronews медиа желісінің басшысы Педро Варгас Давидпен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар Қазақстанның жетістіктерін әлемдік ақпарат кеңістігінде кеңінен таныстыру, сондай-ақ Брюссельге жасалған сапардың нәтижелері мен екіжақты стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде әлемнің жетекші телеарналарының бірі саналатын корпорациямен ынтымақтастықты кеңейту перспективасы ортаға салынды.

Мемлекет басшысы Euronews уақиғаларды бейтарап жариялап, көрерменге сенімді ақпарат ұсынатын жаһандағы алдыңғы қатарлы медиа ресурс ретінде танылғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, телеарна 2024 жылы Астанада өңірлік кеңсесін ашқан сәттен бастап, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігі жайында көбірек хабар тарата бастаған.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемнің ең ірі ақпарат телеарналары бірінің қазақ тілінде хабар таратуы оның Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуының басты кезеңдерінің бірі болып саналады.

Педро Варгас Давидтың айтуына қарағанда, қазақ тілі Орталық Азия елдері арасында Euronews жүйесіне қосылған бірінші тіл болып отыр.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан Президентінің таяуда Брюссельге жасаған ресми сапарының нәтижелері жөнінде пікір алмасу өтті.

Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар қарсаңында Euronews сайтында жарық көрген мақаласындағы Астана мен Еуропа одағының кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің келешегі туралы түйінді ойларын еуропалық аудитория ерекше ықыласпен қабылдағанын айтты.

Еуропа сарапшыларының пікірінше, Еуропа одағы менн Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғары қарқынмен дамып, ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған сипатына ие болған.

Әңгімелесу барысында аймақты жаһандық ақпарат кеңістігіне шығарып, Қазақстанның жетістіктерін халықаралық қоғамдастыққа кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

 

Таңбалар: Euronewsқазақ тіліҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді

23.08.2026
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist