НАГОЯ. 2 қазан. Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының бокс турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Қазақстан құрамасының боксшылары мұның алдында 2018 және 2022 жылдары өткен Азиадаларда алтын медаль ала алмаған еді. Төрехан 12 жылдық сол үзілістің тізбегін үзді.
Турнирде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері иорданиялық Зияд Ишайшпен жұдырық сілтескен Сабырхан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Есеп – 5:0!
Қазақстандық боксшылар соңғы рет 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен Азиядада тұғырдың ең биік сатысынан көрініп еді. Ол жолы олар 6 алтын медальді қанжығаға салған. Турнирде Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) чемпион атанды.
Ал 2018 жылы Джакартада, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Ойындарда Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль ала алмады.
Айта кетейік, бүгін финалда Қазақстаннан Айбек Оралбай да өнер көрсетеді. Ол 90 келіден ауыр салмақта өзбек Жахонгир Зокировпен алтын медаль үшін шайқасады.
USD




