9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дэвид О’Салливан: Ресей экономикасы ақыры біржола күйрейді

10 Наурыз 2026 22:25
- Дәулет, Жаңалықтар
Дэвид О’Салливан: Ресей экономикасы ақыры біржола күйрейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 10 наурыз. Еуропа одағының санкциялар жөніндегі комиссары Дэвид О’Салливан Ресей экономикасы күйреудің алдында тұрғанын атап өтті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Комиссар Ресейдің 1998 жылғы дағдарысқа ұқсас қаржылық дағдарысқа тап болғанына сенімді. Ол Ресей экономикасы алдағы кез келген уақытта күрт құлдырауға ұрынуы мүмкін екенін ескертті.

«Санкциялардың өзі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтата алмайды, бірақ мен төрт жылдық санкциялардың айтарлықтай әсер еткеніне толық сенімдімін», – деді ол 10 наурыз, сейсенбі күні жарияланған Redaktionsnetzwerk Deutschland басылымына берген сұхбатында.

«Ресей экономикасы апатты жағдайда. Барлық экономикалық көрсеткіштер қызыл түспен жыпылықтап тұр», – деді сосын.

«Ел рецессияға түсіп, мемлекеттік қаржымен, инфляциямен және өте жоғары пайыздық мөлшерлемелермен күрделі проблемаларды бастан кешіруде», – деп жалғастырды ЕО комиссиясының жоғары лауазымды қызметкері.

Оның айтуынша, банктер өнеркәсіп орындары соғыс экономикасын қаржыландыру үшін алуға мәжбүр болған нашар несиелерде отыр, енді кәсіпорындар оларға қызмет ете алмайды.

«Ресей 1998 жылғы дағдарысқа ұқсас қаржылық күйреудің алдында тұр. Әрине, қандай жағдайда да соғысты жалғастыруға толық шешімдегі диктатор тек қана осылай жасай алады. Бірақ ерте ме, кеш пе, ахуал шыдай алмайтындай хәлге жетеді», – деп мәлімдеді ирландиялық дипломат.

О’Салливан «Хемингуэйдің бір мезеті» деп аталатын мәселені де еске салып өтті. Атақты жазушы Эрнест Хемингуэй кезінде өзіне қойылған банкроттың қалай келетіні жайлы сұраққа: «Алдымен өте баяу, содан кейін өте жылдам жеьеді» деп жауап берген екен. Еуропа одағының санкциялар жөніндегі комиссары мұның Ресейге де қатысы бар екеніне сенеді. «Мен Ресей экономикасы алдымен өте баяу, содан кейін өте тез күйрейді деп есептеймін. Біз тек Хемингуэй мезетінің қашан келетінін ғана әзір нақты білмейміз», – деді ол.

Таңбалар: дағдарысРесейсоғысэкономика

Ұқсас мақалалар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Бас баған

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

04.07.2026
Путин Киев одақтастары арасында соғысты созуға арандатушылар бар екенін айтты
Жаңалықтар

Путин Киев одақтастары арасында соғысты созуға арандатушылар бар екенін айтты

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist