9 Шілде, 09:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Денсаулық сақтау министрлігінде басты бағыттар айқындалды

19 Ақпан 2026 21:00
- Әлеумет, Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрлігінде басты бағыттар айқындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 19 ақпан. Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтіп, онда саланың негізгі міндеттері мен басым бағыттары талқыланды. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті», – делінген хабарламада.

Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары, медициналық мекемелер жетекшілері мен салалық сарапшылар қатысты.

Отырыста Премьер-Министрдің орынбасары еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, Жаңа Конституцияның қабылдануы сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекке әрбір азаматтың құқығын бұлжымас мемлекеттік кепілдік ретінде бекітіп, денсаулық сақтау жүйесінің орнықты институционалдық негізін қалыптастырады.

Сондай-ақ Аида Балаева дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қолдау мемлекеттік саясаттың тұрақты басымдықтарының бірі болып қала беретінін ерекше атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесіне арнайы тоқталды. Ол Мемлекет басшысының қолданыстағы барлық ақпараттық платформаларды біріктіретін Бірыңғай дерекқор құру жөніндегі тапсырмасын сапалы әрі толыққанды іске асырудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Аида Балаева бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Премьер-Министрдің орынбасары БМСК жүйесін дамыту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, профилактикалық тексерулердің тиімділігіне бақылауды күшейтуді және балалар денсаулығын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл жоспар гигиена мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан бастап, ауруларды ерте диагностикалауға дейінгі барлық бағыттарды қамтуы тиіс.

Отырыс барысында қоғамдық денсаулық мәселелері де жеке қаралды. Атап айтқанда, зиянды өнімдер мен фастфудты жарнамалауды шектеу, сондай-ақ вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталған Аида Балаева әрбір ана өлімі дерегі бойынша жан-жақты сараптама жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі нақты айқындалуы тиіс екенін атап өтті.

Үкімет басшысының орынбасары балалар денсаулығы мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналуы керектігін айтып, оны одан әрі дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Алқа жиынында жан-жақты талқыланған тақырыптың бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі болды. Аида Балаева өмірлік маңызы бар препараттардың емханалар мен ауруханаларға, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекендерг, уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ дәріханалардағы баға қалыптастыру тетіктеріне тиімді бақылау орнату, үстемақылардың ашықтығын қамтамасыз ету және дәрілік заттар құнының негізсіз өсуіне жол бермеу міндеті қойылды.

Жиын барысында Денсаулық сақтау министрінің есебі тыңдалды. Министр Ақмарал Әлназарова 2026 жылға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған операциялық шаралар жоспарын таныстырды.

Таңбалар: алқабағыттарДенсаулық сақтау министрлігі

Ұқсас мақалалар

Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады
Әлеумет

Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады

02.06.2026
Денсаулық сақтау саласында қаржыны оңтайластыру жүріп жатыр
Дәулет

Денсаулық сақтау саласында қаржыны оңтайластыру жүріп жатыр

19.01.2026
Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі
Әлеумет

Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі

07.10.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist