25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойындарын қашан өткізетіні анықталды

6 Маусым 2026 22:17
- Жаңалықтар, Сайыс
Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойындарын қашан өткізетіні анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 6 маусым. Футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челсиіне» ауысар алдында «Қайраттағы» соңғы матчтарын қашан өткізетіні аян болды. Бұл туралы Kazinform.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Клубтың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Дастан Сәтбаев «Қайрат» құрамындағы футболшылық мансабын оның өз алаңында «Атыраумен» және «Қызылжармен» өткізген матчтарында аяқтайды.

«Біздің түлегіміз үшін бұл кездесулер Лондонның «Челсиіне» ауысар алдындағы «Қайрат» сапындағы соңғы ойындар болады», – делінген  хабарламада.

Бүгінде қазақ футболының жас жарық жұлдыздарының біріне айналып отырған Дастан Сәтбаев бұдан 10 жыл бұрын «Қайрат» командасының академиясына қабылданған екен.

«Ол осы уақыт ішінде негізгі команданың лидерлерінің біріне, клуб рекордшысына, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады», – деп баяндайды хабарлама.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Атырау» матчы 13 маусымда, «Қайрат» – «Қызылжар» кездесуі 17 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Сөйтіп, соңғы ойында аталмыш спорт аренасында қызылжарлықтармен ұшырасудан кейін жас дарынмен қоштасу рәсімі орын алғалы тұр.

Тағы да еске сала кетейік, Дастан Сәтбаевтың бір жылдан кейін «Челсидің» құрамына қосылатынын 2025 жылдың ақпан айында «Қайрат» клубы ресми түрде хабарлаған болатын. Лондондықтар оны 2026 жылы 18-ге толғаннан кейін алып кететін болып келіскен.

Сондай-ақ осы трансфер үшін «Қайраттың» 4 миллион еуроға жуық қаржы және бұған қоса бонус алатыны айтылған.

Таңбалар: Дастан Сәтбаевсоңғы ойындарЧелси

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Белгілі инсайдер Дастан Сәтбаевтың «Бернлиге» жалға берілетінін растады
Жаңалықтар

Белгілі инсайдер Дастан Сәтбаевтың «Бернлиге» жалға берілетінін растады

15.08.2026
Дастан Сәтбаев ресми түрде «Челсидің» ойыншысы болып бекітілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев ресми түрде «Челсидің» ойыншысы болып бекітілді

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist