18 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26 Тамыз 2026 18:05
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 тамыз. Қызылорда облысның әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке қабылдау жүргізді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, тұрғын үй және қосымша білім беру мәселелерін көтерді», – делінген мәтбұғат хабарламасында.

Қызылорда қаласының тұрғыны «Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар» санаты бойынша үй кезегіне тұрғанына, баспана мәселесіне тоқталды. Оған тұрғын үй мұқтаж адамдарға кезектілік тәртібімен, заң аясында берілетіні түсіндірілді.

Сонымен қатар, жақындарын тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраған қала тұрғындарының өтініштері де қаралды. Жұмыс іздеушілерге заң талаптарына сәйкес тұрақты жұмыс орындары ұсынылады.

Қала тұрғыны қабылдауға баласының мүгедектік тобын қайта қарау мәселесімен келген. Бұл бойынша медициналық мекемеге жүгінген. Қазіргі уақытта 2-топ мүгедектігі бар азамат медициналық көмекпен, тиісті құралдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ биыл санаторий-курорттық мекемеде ем алған. Мамандар мүгедектік тобын өзгертуге негіз жоқ екенін айтты.

Сырдария ауданы «Жетікөл» ауылының тұрғыны үй кезегін қайта қалпына келтіруді сұрады. Ол 2016 жылдың тамыз айында «жалғызбасты» санатымен Қызылорда қаласының тұрғын үй кезегіне тұрған. Кейін ауылға қоныс аударуына байланысты кезектен шығарылған. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде тұр. Өтініш иесіне кезектілікке қатысты заң талаптары түсіндірілді.

Қабылдауда көтерілген әрбір мәселе жан-жақты қаралып, тұрғындардың өтініштері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасында немесе әкімдікке жазбаша өтініш қалдыра алады.

Таңбалар: жеке қабылдауҚызылорда облысыоблыс әкімі

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist