26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді (видео)

6 Қараша 2025 10:58
- Жаңалықтар, Сайыс
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИЛАН. 6 қараша. Италияның Милан қаласында Чемпиондар лигасының кезекті тур ойынын жергілікті «Интермен» өткізген Алматының «Қайраты» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы «Футбол на Куличках» сайты ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Матч барысында «Интер» лиганың биылғы маусымдағы бірінші голын өз қақпасына жіберіп алды. Ол бұған дейінгі үш кездесуде де дарбазасы құлпын ешкімге аштырмап еді.

«Интер» (Милан) – «Қайрат» (Алматы) 2:1 (1:0)

Милан. «Джузеппе Меацца» стадионы. 69 983 көрермен.

Төреші: Луиш Годиньо (Португалия)

«Интер»: Ян Зоммер, Дензел Думфрис, Ян Биссек (Мануэль Аканджи, 81), Стефан де Врей, Карлос Аугусто, Федерико Димарко, Давиде Фраттези (Петар Сучич, 63), Николо Барелла (Хакан Чалханоглу, 71), Петр Зелинський, Лаутаро Мартинес (Анж-Йоан Бонни, 46), Франческо Эспозито (Маркус Тюрам, 71).

«Қайрат»: Темірлан Анарбеков, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Егор Сорокин, Луиш Мата, Дамир Қасаболат (Әділет Сәдібеков, 76), Офри Арад (Олжас Байбек, 71), Валерий Громыко (Еркін Тапалов, 46), Жоржиньо (Георгий Зария, 76), Дастан Сәтбаев, Эдмилсон Сантос (Рикардиньо, 71).

Голдар: Лаутаро Мартинес (45), Офри Арад (55), Карлос Аугусто (67).

Ескертулер: Жоржиньо (6), Николо Барелла (58).

Ойын тартысқа толы болды. Айтатыны жоқ, «Қайрат» оны өте лайықты өткізді. Алматылықтар таяуда ойналған Мадридтің «Реалымен» кездесуімен салыстырғанда, бұл жолы әлдеқайда өзгеше ойын өрнегін көрсетті. Команда жігіттері қарсыластар алаңында ойнағандарына қарамастан, терең қорғанысқа кетіп, жатып алған жоқ, қайта керісінше мүмкіндік болған бойда қарсы шабуылға шығып, әріптестерінің әлеуетін байқап көруге ұмтылды.

Матчта қайраттықтардың ойыннан ойынға көтеріліп, қалыптасып келе жатқаны анық байқалды. Егер сәттілік бірер сәт уыстан шығып кетпегенде, олар Миланның төрінен де бір ұпай алып қайтатындай хәлге тым жақын тұрды.

Кездесудің дебютінде алаң иелерінің екпіні мен қысымы қатты байқалды. Бұған қонақтар төтеп бере алды. Мұнымен де шектелген жоқ, енді әлсін-әлсін алға қарай ытырылып шығып, қарсы қақпаны қарауылға ала бастады. Сондай сәттің бірінде Дастан Сәтбаев гол соғыс кете жаздады. Оның сұрапыл соққысы қақпа маңдайшасына тиіп барып, ары қарай кеті.

Арада бір минут өткеннен кейін «Интер» есеп ашып үлгерді. Осы тұста алаң иелері меймандардың абдырап қалғандарын жақсы пайдалана білді. Бірақ сол кездің өзінде қақпашы Темірлан Анарбеков үш рет сейв жасап жіберді.

Екінші таймның бас жағында интерліктер есепті ұлғайта түсуге барынша күш салып бақты. Ал алматылықтар негізгі ойынның ордасын алаң ортасына қарай ауыстыруға тырысты.

Мұның соңы көп ұзамай қонақтардың таразы басын теңестіріп кетулеріне барып ұласты. Матчтың 55-минутында «Қайрат» күтпеген жерден жауап доп соқты. Оны айып алаңында тұрған Офри Арад баспен ұрып кіргізді.

Бұл гол миландықтарды састырып тастады. Сосын олардың өз-өздеріне келулері үшін де біраз уақыт керек болды. Сөйтіп, шабуылды үдетті. Енді ойынның дені біздің жігіттердің алаңында өте бастады. Сондай қарбалас сәттердің Карлос Аугусто айып алаңының сыртынан қатты соққы жасап, допты тордан бір-ақ шығарды. Оған Темірлан ұмтылғанымен, жете алмады.

Бұдан кейін «Интер» біршама босап, «Қайрат» ойыншыларының таблодағы есепті өзгертулеріне мүмкіндік беріп қойды. Алайда есеп өзгермеген қалпы қалды. Осылайша бір доп айырымымен ұтылған қайраттықтар өз жанкүйерлері мен мамандардың жақсы бағасын салды.

Қақпашы Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осы жеңістен кейін ұпай қорын 12-ге жеткізген «Интер» топ бастаушылар сапындағы үшінші орнын сақтап қалды.

Енді келесі турлың ойындары 25-26 қараша күндері ойналады. «Қайрат» 26 қарашада Данияда «Копенгаген» командасымен кездеседі.

Таңбалар: ИнтерҚайратфутбол

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist