26 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бір рет пара бергенге екінші рет сана бер»

16 Ақпан 2021 13:08
- Әлеумет, Жаңалықтар
«Бір рет пара бергенге екінші рет сана бер»
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-СҰЛТАН. 16 ақпан. Бүгін #АNTIKOR.LIVE жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов пара берудің алдын алу жөнінде әңгіме өткізді. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Әңгіме барысында #АNTIKOR.LIVE жобасы аясында тағы бір рет пара бергені, парақорлыққа делдалдық жасағаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселелер айтылды. «Бір рет пара беріп шатылсаң, екінші рет ондайға бармау үшін сана берсін» деген тұрғыда сөз қозғалды.

Бақытжан Ниязов тікелей эфирде 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп шықты.

Шара барысында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде заңнамалық шаралар жайлы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға енгізілген өзгерістер жайлы баяндалды.

Аталған Заңда Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалары іске асырылған. Мысалы, енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.

Сонымен қатар, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды.

Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.

Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қауіпі бар.

Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға – яғни, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатындығы жайлы хабарлады.

Эфир соңында азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек екендігін атап өтіп, соңғы өзгерістерді назарға ала отырып, бүгінгі күні пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болатындығын хабарлады.

Таңбалар: Бақытжан Ниязовжемқорлықпара

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist