10 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белград: Төрттен – үш. Тағы үш боксшымыз ширек финалға шықты

31 Қазан 2021 23:40
- Жаңалықтар, Сайыс
Белград: Төрттен – үш. Тағы үш боксшымыз ширек финалға шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЛГРАД. 31 қазан. Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін шаршы алаңға шыққан 4 қазақстандықтың 3-і жеңіске жетті. Бірақ төртіншісінің жеңілгеніне де күмән бар. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Біздің жерлестеріміз сапынан бұл күні күндізгі сессиядағы 1/8 финалдық шайқастарды 54 кг салмақтағы Сабырхан Махмуд бастады. Ол шотландиялық Мэттью МакХэйлмен қолғап түйістірді. Қазақстандық 20 жасар оғлан тәжірибелі қарсыласынан ұдайы басым болды. Тек хорватиялық төреші Найм Рамаж ғана оған қасақана жеңіліс жазып отырды. Қалғандары түгел дұрыс бағалады. Соның нәтижесінде ол 4:1 есебімен ұтты.

Бір айта кетерлігі, осы салмақтағы Рио Олимпиадасының чемпионы, өзбек Шахобиддин Зоиров жапон Томойя Цубойдан күтпеген жерден 2:3 болып ұтылып қалды. Осыдан кейін спорт сарапшылары біздің бағланды чемпиондықтан бірден-бір үміткер санай бастады.

Қалған үш боксшымыз кешкі сессияда шаршы алаңға шықты. Олардың арасынан бірінші болып 60 кг салмақтағы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Зулетамен шайқасты. Жасыратыны жоқ, біздің 21 жасар жігітке бұл жеңіс оңайға түскен жоқ. Бірінші раундта басым болған ол кейінгі кезеңдерде инициативадан айырылып қалды. Дегенмен, соңғы сәттердегі оңды соққылары оған жеңіс әперіп кетті. Есеп – 3:2. Алайда, ағайынды Төлтаевтардың екеуіне де бұдан кейінгі жекпе-жектердің қиындай беретінін айтып қоюмыз керек. Бұлардың екеуіне де тән нәрсе – тез шаршап қалады екен.

Ал 71 кг салмақтағы Асланбек Шымбергенов шын мәнінде тағы ерледі. Турнир басынан өте жақсы ұрыс көрсетіп келе жатқан ол бұл жолы да бағытынан жаңылмады. Германия құрамасының тегі дағыстанық өкілі Магомед Шахидовты салғаннан емін-еркін соққы астына алды. Өзіне көп соққы жібермейді, қарсыласының әр соққысына 2-3 зарппен жауап бере қояды. Үшінші раундтың соңында бәсекелесі теңселіп кетті, оны байқаған рефери ұрысты тоқтата қойды. Нокаут!

Бәрінің соңынан рингке екі қазақ көтерілді. Бірі – қазақстандық, екіншісі – өзбекстандық. Қазақстандық қазақ Айбек Оралбай бірінші раундты өте жақсы өткізді. Есеп – 4:1. Егер аргентиналық төреші қысастықпен ұпайдан қыспағанда, таза басымдық соныкі еді. Бірақ екінші раундта біздің балаға «көз тиді», қашқақтай ұрыс сала бастады. Мұны байқаған өзбекстандық қазақ Мадияр Саидрахимов инициативаны өз қолына алды. Нәтижесінде аса қатты басым болмаса да, біршама артықшылық танытты. Ал үшінші раунд тең жағдайда өрбіді. Екі жақ та бір-бірінен асып кете алмады. Мұндай жағдайда бірінші раундта басымдығы айқын болған Айбек алда болуы керек еді, алайда, олай болмай шықты, жеңіс 4:1 есебімен өзбек еліндегі қазақтың алақанында кетті.

Әйткенмен, оның құдайлығы бар екен, Мадияр шайқас біткеннен кейін: «Мен өзімнің жеңгеніме сенгенім жоқ. Тек төреші қолымды көтерген кезде ғана бұған көзім жетті» депті.

Сөйтіп, Сабырхан Махмудов, Саматәлі Төлтаев және Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.

Бізден кеше 48 кг салмақтағы Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Ахметовичті 4:1 есебімен ұтып, бірінші болып ширек финалға жолдама алған еді.

Рас, Теміртастың сол жеңісіне байланысты жергілікті Сербия бокс федерациясы шу көтеріп, апелляция бермеуші болып жатыр екен. Біздіңше, олардікі құр байбалам, Жүсіповтің жеңгенін кез келген комиссия айғақтап береді деп ойлаймыз.

Сонымен, Қазақстан құрамасы сапынан осы кезге дейін үш боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Бек Нұрмағанбетов (86 кг), Нұрлан Сапарбаев (+92 кг) және Айбек Оралбай (92 кг).

Ертең, 1 қараша күні өтетін 1/8 финалда Қазақстан құрамасы сапынан 6 боксшы рингке шығады.

Күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57) үндістандық Рохит Мормен шайқасады. Бұдан кейін Абылайхан Жүсіпов (67) поляк Дамиан Дуркачтың сыңайын байқайды. Ал Нұрқанат Райыс (75) Ауғанстан өкілі Сулиман Асламимен беттеседі.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51) үндістандық Дипакпен, Санатәлі Төлтаев (63,5) украин Денис Песоцкиймен, ал Нұрбек Оралбай (80) венгриялық Пал Ковачпен бақ сынасады. Осы кездесулерде жеңген боксшылар ширек финалға өтіп, әлгіндегі 4 боксшымыздың қатарына қосылады.

Іске сәт, қырандар!

 

 

Таңбалар: әлем чемпионатыБелградбокс

Ұқсас мақалалар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар

Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды

02.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist