17 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі қазақ театр және кино актері Қайрат Кемалов қайтыс болды

17 Шілде 2025 13:36
- Жаңалықтар, Таным
Белгілі қазақ театр және кино актері Қайрат Кемалов қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚАРАҒАНДЫ. 17 шілде. Театр мен кино өнерінің көрнекті тұлғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов өмірден өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қайрат Кемалұлы Кемалов 1957 жылы 8 қаңтарда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданыңдағы «Ақтүбек» ауылында туған. 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр  факультетін актер мамандығы бойынша  бітірген.

1978-1980 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өнер көрсеткен. Ал 1980 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет етіп келді. Осы жылдарда Мұхтар  Әуезовтің «Абай» пьесасында – Арыстан, Уильям Шекспирдің «Отеллосында» – Отелло, Шерхан  Мұртазаның «Бәйдібек биінде» Бәйдібек образдарын сәтті сомдауы арқылы абырой жинады.

Қайрат Кемалов қазақ кино өнерінде де өзінің өрнекті ізін қалдырды. Оның «Қазақ хандығы» сериялы фильміндегі (2016, 2019) Керей хан рөлі жоғары бағаланды. Сондықтан 2019 жылы осы рөлі үшін «Тұлпар» ұлттық кино жүлдесіне ие болды. Сол сияқты 2019 жылы Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романы бойынша түсірілген картинада Пахраддин бидің рөлі арқылы халықаралық деңгейде танылды. 2022 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен «Қоркыт Ата» фестивалінде осы образы үшін «Үздік ер адам» номинациясын жеңіп алды. 2025 жылы Камерунда өткен фестивальде Пахраддин рөлі үшін тағы бір мәрте «Үздік ер адам» атағын еншіледі.

Актер 2006 жылы «Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтарына қол жеткізді. 2024 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Арамыздан осындай толымды тұлға кетіп бара жатыр.

Алла алдынан жарылқасын.

Талантты актердің қапыл қазасы көпшіліктің қабырғасын қайыстырып кетті. Белгілі жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Смағүл Елубаев осыған байланысты бүгін Facebook әлеуметтік желісінде: «Қайрат Кемаловты «Ақ боз үй» фильмінде бас кейіпкер Пахраддин рөлін ойған кезінен бастап білдік. Қайраттың өмірде де, өнерде де өнегелі өр тұлға екенін көрдік. Ерте кеткені өкінішті. Алайда өнерде өлмес бейнелер жасап кетті. Өнер үшін өмір сүрген ініміздің жарқын бейнесі жұрт жүрегінде мәңгі жай таппақ. Қош бол Қайрат! Рухың Алла алдында шат болып жаның Жаннат төрінде шалқығай!» деген жазба қалдырды.

Таңбалар: актерқазаҚайрат Кемалов

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist