26 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Батыс Қазақстан облысының тумасы Украинада Ресей үшін жанын берді

19 Қыркүйек 2024 22:28
- Жаңалықтар, Оқиға
Батыс Қазақстан облысының тумасы Украинада Ресей үшін жанын берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ОРАЛ. 19 қыркүйек. Басқыншы Ресей армиясы сапында соғысып жүрген оралдық жігіт Украина жерінде абыройсыз қазаға ұшырады. Бұл туралы «Мой город» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы 2023 жылы өз еркімен Ресей қарулы күштері құрамына жазылған екен. Қоғам белсенділері әлеуметтік желілерде сондай ақпар таратып жатыр.

Оралдық белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяров өзінің Instagram-дағы парақшасында Батыс Қазақстан облысының тағы бір тумасының Украина жерінде Ресей үшін жантәсілім еткенін баяндады. Ол 41 жастағы Айбек Рамазанов деген азамат болып шықты. Автордың жазуынша, жігіт 2023 жылы өз еркімен Ресей қарулы күштері қатарына жазылып кіріп, артынша Украинадағы соғысқа аттанған. Паспорттағы мерзіміне қарағанда, Рамазанов құжатты 2024 жылғы 2 тамызда алған. Құжатты оған «Донецк халық республикасы» деген әлемде еш жерде мойындалмаған құрылым берген.

Ахмедьяровтың айтуынша, Айбек бұрын, Батыс Қазақстан облысында жүргенінде «Жайық мұнай» компаниясында жұмыс істеген. Шамасы, мұнда тауып жатқан айлық жалақысы қанағаттандырмаса керек, орыстар жағында соғысып, «қырғын ақшаның астында қалғысы» келіп, соғысқа жанын жалдап барыпты. Алайда компаниядағылар журналистке өздерінің бұрынғы қызметкерлері жайлы сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартыпты.

Атап өтуіміз керек, Қазақстан азаматтарына басқа елдерде болып жататын қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінің «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» деп аталатын 172-бабында «Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы – бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» жазаланатыны атап көрсетілген. Бірақ республика полицейлері Рамазановқа қатысты осындай қылмыстық іс қозғады ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Себебі, Ресей армиясы қатарына кірген кезінде оның әлі Қазақстан Республикасының азаматы болып тұрғаны айдан анық. Ал полиция департаментінлегілер бұл мәселеге байланысты жауапты кейінірек беретіндерін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысы азаматының басқыншы орыс армиясы сапында Украинаға қарсы соғысқа қатысып, жаһаннамға аттанып кеткен бірінші жағдайы емес. Бұдан бұрын Лұқпан Ахмедьяров Украинадағы қанды қасапта Бөрлі ауданының 61 жастағы тұрғынының Украинадағы ұрыстар кезінде қаза тапқанын хабарлаған еді. Бұдан артын тағы қандай ақымақтық болады! Ол 2023 жылдың қарашасында Ресейге кетіп қалған екен. Бара салып РФ азаматтығын алған азамат жасының ұлғайып қалғанына қарамастан, импершіл Путиннің оккупациялық армиясы қатарына қабылданыпты, сол бойда майданға жіберілген сақа солдат «Град» қондырғысының көздеушісі болып соғысқа кірісіпті. Бірақ 2024 жылғы қаңтарда жарақат алып қалады да, тез жазылып, қайтадан шайқастарға қосылады. Содан кейін ақпан айынан тамызға дейін байланысқа шықпай қалады. Сосын туыстары оны хабар-ошарсыз кеткендер қатарына жатқызып жүреді. Ал тамызда ер кісі қызмет еткен бөлімшенің командирі оның әйеліне хабарласып, сүйегі табылып, Ростов қаласындағы мәйітханаға жіберілгенін жеткізеді.

2024 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысының тағы бір тумасы – Павел Забродиннің РФ армиясы сапында Украинада соғысып жүріп, опат болғаны жөнінде ақпар келді. Ол Чапаев (қазіргі – Ақжайық) ауданында туып-өскен. Мектеп бітіргеннен кейін Тольяттидегі әскери училищеге оқуға түседі, соңынан Мәскеуге қызмет етуге жіберіледі. Армияда бір жыл болып, лейтенант атағын алады. Ал соғысқа резервтегі офицер ретінде шақырылып, аттандырылған екен.

Таңбалар: Айбек РамазановөлімсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist