17 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бағанашыл» оқиғасы Сұлтанғазиевтің бағын тайдыратын түрі бар

22 Шілде 2025 12:47
- Жаңалықтар, Қайнар
«Бағанашыл» оқиғасы Сұлтанғазиевтің бағын тайдыратын түрі бар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 шілде. «Бағанашылдағы» балалар үйінлде орын алған оқиғаның лаңы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тағдырын шешіп кететін сияқты. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Чемодан госсекретов» telegram-арнасының сарапшылары осындай болжамға аяқ артып отыр. «Біздің мәнбелеріміздің мәліметінше, Президент Әкімшілігінде Алматы облысында қызметтік тергеу жүргізу үшін жедел топ құрылған. Оның міндетіне жерді нақты кімге бермек болғанын анықтау, сондай-ақ облыстағы жер дауларына қатысты қосымша тексеру жүргізу кіреді. Марат Сұлтанғазиевтің әкім ретіндегі болашағы зор күмән тудырады», – дейді олар.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Бағанашыл» балалар үйі төңірегіндегі оқыс оқиғаға байланысты Алматы облысының әкімі турасында мәлімдеме жасады. «Мен «Бағанашылдағы» балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғамға берілген уәдесін орындамағаны үшін мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің отставкасын сұраймын!», – деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында.

Депутат сондай-ақ әлеуметтік желіде видео жариялап, барлық іске неге Президент араласуы керектігін және бұл уақытта Оқу-ағарту министрі қайда болғанын сұрады.

«Неге бұл мәселені («Бағанашыл» балалар үйіне қатысты – ред.) Оқу-ағарту министрі нақты әрі ашық түрде көтермеді? Бұл – балалар үйі. Бұл ұйым тек әкімдікке ғана емес, Оқу-ағарту министрлігінің де құзырында. Қайда жүр Бейсембаев мырза (Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев – ред.)?» – деді Бақытжан Базарбек.

Депутат балалар үйіне қатысты жағдайдың ашық болмағанын және ғимаратқа байланысты қорытындының жарияланбағанын тағы да атап өтті.

«Неліктен Мәжіліс депутаты ретінде мен бұл қорытындымен таныса алмаймын? Неге бұл құжатты жасырып отыр?» – деп сұрады Базарбек.

Сонымен қатар, депутат ҚазНИИСА (құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты) неліктен бұл жағдайға тартылмағанына таңғалды.

«Неліктен екені түсініксіз, беймәлім бір ЖШС бұл қорытындыны жасап жатыр» – деп наразылық білдірді Базарбек.

Бұған дейін Бақытжан Базарбек балалар үйіне қатысты істе құжаттарды жасыру мен ақпараттық шабуылдар барын айтқан. Ол балалар үйі орналасқан жер телімі кімге тиесілі екенін сұраған. Сондай-ақ үшінші тараптан ғимараттың мемлекеттік және техникалық сараптамасының қорытындысы мен түрлі келісімдерді алғанын да жеткізген.

Таңбалар: БағанашылМарат Сұлтанғазиевтексеру

Ұқсас мақалалар

Төтенше жағдайдың бұрынғы министріне қызметтік тексеру жүргізіледі
Жаңалықтар

Төтенше жағдайдың бұрынғы министріне қызметтік тексеру жүргізіледі

13.06.2023
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

11.06.2022
Қазақ-қытай шекарасында арнайы топ тексеру жүргізуде
Дәулет

Қазақ-қытай шекарасында арнайы топ тексеру жүргізуде

21.01.2022

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist