9 Шілде, 12:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Атырау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

4 Ақпан 2022 14:30
- Аймақ, Жаңалықтар
Атырау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АТЫРАУ. 4 ақпан. Бүгін Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы болып Нұрхат Оразбаев тағайындалды. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.

Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болған Нұрхат Оразбаев бұл қызметте өзінің бастығы Қамза Үмбетқалиевті алмастырды.

Департаменттің жаңа басшысын ұжымға таныстыру үшін Атырауға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі келді. Ол облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге полиция департаментінің ғимаратында жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

Нұрхат Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Еске сала кетейік, мұның алдында департамент басшысы Қамза Үмбетқалиев полицейлердің қаңтар қақтығысына байланысты қолға түскен күдіктілерді аяусыз ұрып-соққылауларына байланысты қоғам белсенділері тарапынан қатты сынға ұшыраған еді.

Айта кетейік, мұның алдында бірнеше облыста полиция департаменттерінің басшылары ауысты. Қаңтардың 27-сі күні Астана қалалық полиция департаментінің бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды. Бұған дейін осы қызметте болған Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып кетті. 28 қаңтарда Василий Скляр – Павлодар облыстық полиция департаментінің, Айдын Қабұлдинов Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаметінің бастықтары болып тағайындалды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерін басқарған Марат Төлебаев Астана қаласына ауысты.

Алматы облыстық полициясының бастығы Серік Күдебаев қызметінен босатылды.

Бүгін Мұрат Қабденов Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, ол бұған дейін ІІМ Көші-қон қызметі комитетін басқарған. Ал Шымкент қалалық полиция департаметіне Қайрат Дәлбеков басшы болып отырды. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан (қазіргі – Түркістан), Маңғыстау облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

 

Таңбалар: Атырау облысыбастықполиция

Ұқсас мақалалар

Қызылордада полицейлер жастар өкілдерімен кездесті
Жаңалықтар

Қызылордада полицейлер жастар өкілдерімен кездесті

17.09.2025
Қызылорда облысының полициясына жаңа дрондар тапсырылды
Жаңалықтар

Қызылорда облысының полициясына жаңа дрондар тапсырылды

16.09.2025
Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Аймақ

Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

15.09.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist