17 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астанада Сыр бойы диқандарының дәстүрлі жәрмеңкесі өтіп жатыр

28 Қыркүйек 2024 15:20
- Аймақ, Жаңалықтар
Астанада Сыр бойы диқандарының дәстүрлі жәрмеңкесі өтіп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 қыркүйек. Бүгін Астана қаласында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Дария бойындағы ел егіншілері ел байтағына әдеттегідей өздерінің мол дақылдарымен келіп жетті.

Жәрмеңкеде 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауар өндірушілерінің 70 жүк көлігіне тиелген, 600 тоннадан астам, құны 270 млн теңгені құрайтын ауылшаруашылық өнімдері елорда тұрғындарына ұсынылуда. Нақтылай айтқанда, мұнда 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері жеткізілді.

Жәрмеңке аясында елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.

Аймақтың аграрлық саласында  бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.

Биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 58,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,1 пайызға артты.

Жалпығ биылғы жылы 190 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 85,6 мың гектарды құрайды. Соның ішінде дәнді дақылдар 96,8 мың гектарды, майлы дақылдар 4,8 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 70,2 мың гектарды, картоп, көкөніс, бақша 17,6 мың гектар алып жатыр.

Егісті әртараптандыру бағытында 2,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 4,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында диқан қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Егін жинаушылар қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда облыста егілген  егінді ысырапсыз жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 50,3 мың гектары орылып,   42,7 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен  52,1 центнерден өнім алынуда.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда, мүйізді ірі қара мал басы-36,6%-ға, қой мен ешкі -22,3%-ға, жылқы – 0,1%-ға, түйе-4,3%-ға, құс 7,7%-ға көбейді.

Сондай-ақ, өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Қазіргі таңда Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда.

Экспортталған өнімнің басым бөлігі күріш өнімі Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.

Сыр елінің өнімдері ұсынылатын жәрмеңке ертең де жалғасады.

Таңбалар: АстанажәрмеңкеҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді
Аймақ

Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді

16.10.2026
Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist