14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әскерилермен жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті

15 Ақпан 2021 18:23
- Жаңалықтар, Құқық
Әскерилермен жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 15 ақпан. Бүгін елордадағы №3656 әскери бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ой қозғалған кездесу болып өтті. Бұл туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Кездесу Ішкі істер министрлігі әскери полиция қызметінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ол Ұлттық ұланның № 3656 әскери бөлімінде өткізілді. Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатын көздеді.

 

Іс-шарада спикер ретінде Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Диас Қозыбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.

Кездесуде Диас Қозыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтып, агенттік жұмысының басым бағыттары түсіндірді. Сондай-ақ, елорда аумағында жүзеге асырылып жатқан «Астана – адалдық алаңы», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «Protecting Business and Investments» және тағы басқа жобалардың жүзеге асырылғаны, сондай-ақ қатысушылар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы хабардар етілген.

Өз кезегінде Шыңғысхан Қожахметов елордалық департамент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағарту штабының жұмысы және қоғамда ізгілік идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа бастамалар туралы айтып берді.

Сонымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») атты бірлескен жобасы атап өтілді. Ол облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ал  «Парасат жолы» орталығының мақсаты  ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда ізгілік идеологиясын ілгерілету болып табылады.

Бұдан кейін Айбек Қабылдин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық практикасы туралы айтып берді, қоғамда парасаттылық мәдениетін арттыру бойынша шет елдердің табысты тәжірибесін және Финляндия, Дания, Жапония, Канада елдерін қамтитын қолжетімді нәтижелерді ұсынды.

Жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі өзекті мәселелерді қозғай отырып, жиналғандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Таңбалар: Астанаәскерилерсыбайлас жемқорлық

Ұқсас мақалалар

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әлеумет

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12.09.2026
Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)
Әлеумет

Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

07.09.2026
Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist