18 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения ресейшіл «Күшті Армения» кандидаттарын қамауға ала бастады

6 Маусым 2026 22:20
- Жаңалықтар, Жаһан
Армения ресейшіл «Күшті Армения» кандидаттарын қамауға ала бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 6 маусым. Арменияда ресейшіл топтың депутаттыққа түскелі тұрған 6 үміткерін қылмыстық қуғындауға салуға рұқсат берілді. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Хайастан бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Армения Орталық сайлау комиссиясы Кремльдің итаршысы болып отырған «Күшті Армения» партиясынан депутаттыққа түскелі отырған алты кандидатқа қатысты қылмыстық қудалауды қозғауға келісім берген, оларға сайлаушылар қауымына пара берді және аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жылыстатты деп күдік таңылып жатыр.

Тергеу комитеті қамауға алу туралы шешім қабылдаған фигуранттар қатарында Ваге Тавакалян, Айк Авакян, Ваге Егиазарян, Сусан Бадоян, Ашот Саакян және Артур Абрамян бар. Олар енді ертең, 7 маусым күні өтетін сайлауға қатыстырылмайды.

Қадағалау ведомствосының баяндауынша, прокуратура қылмыстық қудалауға келісім беру туралы өтінішті 5 маусымда жолдаған.

Бір айтарлығы, бұған дейін осы қылмыстық іс аясында блок жетекшісі және ресейлік олигарх Самвел Карапетянның ең жақын серіктестерінің бірі Алик Алексанян қамауға алынған болатын.

Бұдан бұрын парламенттік сайлауда дауыс беруге қатысу үшін Ресейден бір топ ұлты армян азаматтардың Арменияға арнайы ұшақпен мәжбүрлі түрде жеткізілгені белгілі болған.

Civic.am порталы Армениядағы парламент сайлауына қатысып, Кремль көз тігіп отырған үміткерлерге дауыс берулері үшін Ресей Федерациясының Иркутск облысынан Ереванға жеткізілген азаматтардың тізімін жариялады. Ресурс Армения құқық қорғау органдарын осы тізімге назар аударуға шақырды.

Қазір Хайастан астанасында 100 мың қаралы адам қатысқан үлкен митинг өтіп жатыр. Олардың бәрі Арменияның қазіргі билігіне қолдау көрсету мақсатында жиналған.

Таңбалар: Арменияпарламентресейшілсайлау

Ұқсас мақалалар

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Жаңалықтар

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

12.10.2026
Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді
Әлеумет

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist