6 Қыркүйек, 08:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал біржола құрғап кетудің сәл ғана алдында тұр

14 Қазан 2021 11:52
- Жаңалықтар, Тіршілік
Арал біржола құрғап кетудің сәл ғана алдында тұр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Құрметті Арал өңірі жұрты, тұрандықтар! Барша Қазақ елі!

2021 жылғы 29 қыркүйекте «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген тақырыпта «Байтақ-Тұран» IV халықаралық экологиялық конгресі болып өтті.

Осы жылдың маусым айында Арал қаласында «Аттандап» атты I Арал құрылтайын өткіздік.

Соның екеуінде де біраз сөз қозғадық, қаншама ой толғадық. Талай шараны қолға алдық. Тоқтамадық, жалғастырдық, әлі де жалғастыра береміз. Алайда, Аралға келер су таппадық. Президент Қ.К.Тоқаевтың «Көкаралды бекіту керек» деген 2019 сөзі, Үкіметтің «САРАТС-2»-ні 2021 жылы наурызда бастаймыз», деген жазба жауабы бос сөз болып қалды. Кіші Аралды сақтайтын судың жалғыз көзі – Сырдарияда су жоқ. Көктемде суы сирақтан аспай, сыздықтап қана ағып жатқан дария, күзде де сол күйде.

Өлке басшыларының бұрма салып, көл суарулары амалсыздың шаралары ғана. Таудай сөзімізден тамшы су тамып жатқаны шамалы. Бет бұрып отырған билік жоқ. Бұл биліктің ырымы жаман. «Аралды құтқару қоры» деп, жиналған қаржыны құлқындарының құрдымына жіберіп жатқан жайы бар. Өзбек билігі де сол, басқасы да сол. Шерхан Мұртазаша айтсақ, «Қазанда қақпақ, итте ұят жоқ»!

Солтүстік Аралдың мұндай күйге түскеніне сөзсіз Қазақстан билігі кінәлі! Соған көніп, үнсіз жатқан біз өзіміз кінәліміз. Арал Анамыздан, қасиетті Көк теңізден айырылу алдында тұрмыз!
Ерте Тұранның, ақ ғұн (эфталит) – Кердерінің, бергі Хорезмнің, Шыңғысхан мен Алтын Орданың Көк теңізін құрғаттық, жоғалттық. Бабалар рухын риза етпедік. Қазақ болып қайыр қылмадық.

Көзіміз осыған жетті. Сондықтан, «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі тағы бір талпыныс жасап көрмек.

Әлем назарын аударар тағы бір шара жасасақ, биліктің құлқыны қысылып, беті бері бұрылар ма екен, Аралға шындап назар аудара ма екен, дейміз.

Ағайын! 2022 жылдың 15 мамырында Арал қаласында «Аралға су келе ме?» атты «Дүниежүзілік экологиялық акция» өткіземіз.

Сол күнге дейін осы тақырыпта БҰҰ, АҚШ, Германия, Ресей, Түркия, Мажарстан т.б. елдерге экспедициялар жөнелтіледі, барлық елдерде митингілер, пикеттер  жиындар, семинарлар т.б. акциялар өткізіледі.

Тек бір ғана сұрақ, бір ғана тақырып. Ол: «Аралға су келе ме?».

Осы шараны бірге өткізейік, ой көмек, қол көмек, сөз көмек, жол көмек аямаңыздар. Шет елдерде тұратын таныс-білістеріңіз болса жеткізсеңіздер екен. Германияда қазақ-немістеріміз, Кореяда қазақ-корейлеріміз, Ресейде қазақ-орыстарымыз, Кавказда қазақ-шешендеріміз, аварлар мен құмықтарымыз, Польша мен Украинада қазақ ағайындарымыз бар екені белгілі. Баршасын экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз.

Құрметпен, «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі
10.10. 2021
ж

 

Таңбалар: Арал теңізісуТұран

Ұқсас мақалалар

Түркияда демалып жүрген Кадыров суға батып кете жаздады
Жаңалықтар

Түркияда демалып жүрген Кадыров суға батып кете жаздады

25.07.2025
Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жалғасып жатыр
Жаңалықтар

Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жалғасып жатыр

09.10.2024
Қызылорда облысында егінді сумен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті
Дәулет

Қызылорда облысында егінді сумен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті

14.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist