25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жалғасып жатыр

9 Қазан 2024 23:02
- Жаңалықтар, Тіршілік
Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жалғасып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қазан. Қызылорда облысында Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жұмыстары қазіргі кезде де жалғасып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жайын кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына селекторлық режим бойынша қатысқан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтып берді. Ол жылу беру маусымына дайындық, мемлекеттік орман қорын ұлғайту жөніндегі шаралар жайында сөз қозғалған жиында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егудегі кешенді жұмыстарға да тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1 млн. 100 мың гектар жерге бес жыл ішінде сексеуіл егу тапсырмасы жоспарға сәйкес орындалуда. 2021-2023 жылдары 544 мың 200 гектар жерге, осы жылы көктемде 65 мың гектарға сексеуіл көшеттері отырғызылды. Қараша айында 211 мың гектар аумаққа егілмек. Келесі жылы қалған 280 мың гектарға сексеуіл көшеттері мен тұқымын егу жоспарланған. Оның 100 мың гектары облыстың үлесі болса, қалған 180 мың гектары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тиесілі», – деді аймақ басшысы.

Облысқа жүктелген 15 млн. көшетті дайындау үшін орман шаруашылығы мекемелерінде 8 уақытша тұқымбақ ұйымдастырылды. Одан бөлек, Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен 441 млн. теңгеге аумағы 33,5 гектар тұқымбақ салынып, пайдалануға берілді.

Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы ормандандыру жұмыстарына Еуропа елдерінен грант тарту үшін Сыртқы істер министрлігінің келісімімен Еуроодаққа мүше мемлекеттер елшілерін өңірге арнайы шақырдық. Мамыр айында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған 20 елші келді. Арал өңіріндегі жұмыстармен танысып, қолдау көрсету жөнінде алдын-ала келісім жасалды. Нәтижесінде, Арал өңірінің экожүйесін жақсарту бағытында нидерландық «DGB Group» және қытайлық «BGI Group» компанияларымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жоспарға сай атқарылып, белгіленген мерзімде аяқталатын болады. Жұмыстар тұрақты бақылауымда», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін соңғы 3 жылда облыстық бюджеттен 1 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлініп, 96 арнайы техника, 49 қажетті құрал-жабдық сатып алынды.

Арал өңіріндегі ормандандыру жұмыстарына отандық компаниялармен қатар, шетелдік ұйымдар да кеңінен тартылуда. Мәселен, америкалық «USAID» Халықаралық даму агенттігі «Аралды құтқару қоры» арқылы құрғаған ұлтандағы сексеуіл екпелерін суаруға алғаш рет ұңғымалар қазып, 500 гектар аумаққа «Оазис» демонстрациялық алаңын құрды. Осындай жобаны жүзеге асыруда отандық «Freedom Finance» холдингі басшылығымен де келісімге қол жеткізілді.

Таңбалар: Арал теңізісексеуілтабан

Ұқсас мақалалар

Аралға жаны ашымайтын Аралды құтқару қоры кім үшін және неге керек?
Аймақ

Аралға жаны ашымайтын Аралды құтқару қоры кім үшін және неге керек?

04.07.2023
Тұрандықтар Мемлекет басшысын құрылтайға шақырады
Жаңалықтар

Тұрандықтар Мемлекет басшысын құрылтайға шақырады

19.10.2022
Теңіз аттас ауданның тағдыры тағы да қыл үстінде тұр
Аймақ

Теңіз аттас ауданның тағдыры тағы да қыл үстінде тұр

24.07.2022

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist