6 Қыркүйек, 06:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Англия соты Әбіләзовті қамауға жаңа ордер берді

24 Шілде 2019 15:29
- Жаңалықтар, Құқық
Англия соты Әбіләзовті қамауға жаңа ордер берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Англияның Жоғарғы соты БТА-Банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовті қамауға жаңа ордер берді. Бұл туралы БТА-Банктің хабарламасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.

«2019 жылғы 16 шілдеде судья Тир, Англияның Жоғарғы соты БТА-Банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы М. Әбіләзовті сотты сыйламағаны үшін 2012 жылғы ақпанда шығарылған құлып астына алу туралы қаулысын созды», – делінген хабарламада.

Банктің мәліметінше, бұған Әбіләзовтің сотқа бірнеше рет өтірік кепілдіктер беріп, жалған құжаттар ұсынғаны, осылар арқылы банктен активтер мен келісімдерді жасырғаны, сондай-ақ сот отырысына келмегені себеп болған.

«Полиция органдарына немесе сот персоналына Әбіләзовті қамауға алып, оны Ұлыбританияға жеткізу мүмкін болған жағдайда жазасын өтету үшін түрмеге отырғызуға өкілдік беретін қаулы кезекті ресми құжат болып табылады. Құжаттың екі жылдық күші бар, содан кейін кезекті мәрте созылатын болады. Банк жоғарыда аталған құжаттың созылуы жөнінде ұдайы жұмыс жүргізіп келеді», – делінген банк хабарламасында.

Құлып астына алу жөніндегі шешім Мұхтар Әбіләзовті өзінің барлық активтерін толық ашу, бұл активтерге қатысты әлдеқандай бір әрекет жасауды тоқтату және жауапкердің сот жарлығын бұзуы арқылы пайдаланып жүрген барлық активтеріні қайтарып беру туралы сот жарлықтарын орындауға мәжбүр етуге бағытталып отыр.

Банктің ақпары бойынша, АҚШ-тың әлемдік судьясы Кэтрин Паркер 2019 жылғы 3 шілдеде Мұхтар Әбіләзовтің Франциядағы сот талдауы кезінде «оншалықты ашық» болмағанын, сондықтан өзінің телефон нөмірі есінде жоқ екенін айтқанын, Қазақстаннан 2009 жылы қашып кеткелі бері бухгалтердің қызметін пайдаланған-пайдаланбағаны туралы сұраққа жауап қайтармағанын мәлімдеген.

БТА-Банктің баспасөз қызметі судья Паркердің сот қаулысына түскен: «Қорғаушылық мәніндегі айғақтардың жетіспеушілігін ескере келсек, Әбіләзовтің бағынбаушылығы айрықша алаңдаушылық туғызады. Бұл бас тартушылық саналы түрде жасалып отыр», – деген сөзін де келтіреді.

Судья Паркер әлі күнге дейін соттың Әбіләзовтен ешқандай құжат алмағанын растады. Ал Әбіләзов бұлардың бәрі өзінің Нью-Йорктегі адвокатында екенін білдірген.

Бұдан бұрын Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу бөлімінің жетекшісі Сергей Перов Әбіләзовтің қыылмыстық тобына кіретін жеті адамның Алматы сотына ұсынылғанын мәлімдеген болатын. Нью-Йорк федералды соты шілденің басында Мұхтар Әбіләзовке БТА-Банктен ұрланған ақша қаражаты арқылы АҚШ-тан жылжымалы мүлік сатып алу ісі бойынша заң төлемін төлеуді міндеттеген болатын.

Еске сала кетейік. 2016 жылғы 13 маусымда АҚШ-тың Вирджиния штаты, Фэрфакс округінің округтік сотына Әбіләзовтің туған қарындасы Гауһар Құсайынованың әрекетіне қатысты БТА-Банктің шығындардың орнын толтыру мен басқа да талаптарын қанағаттандыру туралы талап-арызы берілді. Сотта олардың Әбіләзовтің БТА-дан активтер ұрлау операцияларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін заңға қайшы әрекеттер екені анықталды. Әбіләзов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттерімен бірге, БТА-дан ұрланған алты миллион доллардың бір бөлігін заңсыз жолмен Құсайыноваға жолдаған. Алынған ақша қаражатын Құсайынова өзінің жеке мақсаттарына, соның ішінде АҚШ-тан бірнеше люкстік жылжымалы мүлік нысанын сатып алуға жұмсаған.

 

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды
Әлеумет

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін тағы да бірқатар кадрлармен толықтырды

05.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist