22 Қыркүйек, 15:09
RAST.kz
USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

19 Қыркүйек 2026 14:10
- Дәулет, Жаңалықтар
Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қыркүйек. Бүгін Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстінен өтетін жаңа көпір құрылысының символдық құтысы арнаулы орынға қойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өзеннен өтетін өткел Иса Тоқтыбаев көшесінің дария жағалауымен шектесер мүйісінен тартылады.

Жаңа көпірдің белгісі іспеттес құтыны орналастыруға арналған салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан Мұрат Ергешбаев өңірде инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асып жатқанына тоқталды.

«Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, ел аумағындағы теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл теміржол вокзалдарындағы жұмыс толық аяқталып, нысандар ел игілігіне қызмет етуде. Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы қайта жаңғыртудан өтті. Жалағаш және Тереңөзек кенттеріндегі екі қызмет көрсету пунктінде жұмыс жалғасуда. Күні кеше Арал теңізі, Төретам және Жосалы теміржол вокзалдары ел игілігіне табыс етілді», – деді аймақ басшысы.

«Бүгін сіздермен бірге тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір капсуласын салу жаңа нысан құрылысына  ғана емес, аймақ дамуының жаңа белесіне бастау болмақ», – деді бұдан әрі Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде Құрылтай депутаты Серік Қожаниязов, мемлекет және қоғам қайраткері, ғылым докторы Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қолға алынған жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестіктерін білдірді.

Айтатын жоқ, Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір – уақыт талабы мен халық сұранысынан туындаған маңызды жоба.

Құрылысты тәжірибесі мол «ВД Строй Инжиниринг» компаниясы жүргізеді. Көпірдің ұзындығы 338 метрді, ені 23 метрді құрайды.

Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары да қарқын алды. Дария жағалауында екі жолақты жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынуда. Бұл жұмыстар өзен жағалауын су тасқынынан қорғаумен қатар, тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағын жасауға бағытталған.

Биыл Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда 30 млрд теңгенің 22 жобасы іске асырылуда. «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы жаңа көпір құрылысы аяқталып, көлік қатынасы толық реттелді. Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл, Наурыз және Есенов көшелері кеңейтілді.

Бұған қоса, қала орталығымен қатар, шет аймақтардың инфрақұрылымына да басымдық берілген. Қазір кенттер мен ауылдық округтердің 32 көшесі жөнделіп жатыр.

Таңбалар: көпірҚызылорда қаласыСырдария өзені

Ұқсас мақалалар

Қызылорда қаласында 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақ

Қызылорда қаласында 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

09.10.2025
Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» қатарға қосылды
Жаңалықтар

Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» қатарға қосылды

20.11.2024
Курск облысындағы көпір қиратылған соң жүздеген РФ солдаты тұтқынға түсті
Жаңалықтар

Курск облысындағы көпір қиратылған соң жүздеген РФ солдаты тұтқынға түсті

16.08.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

  • СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

  • Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

  • Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

  • ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

  • Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist