22 Қыркүйек, 15:09
RAST.kz
USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

19 Қыркүйек 2026 19:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. Алматыда жыл сайынғы дәстүр бойынша Қала күніне орай ұйымдастырылатын ауқымды іс-шаралардың бірі ретінде алма жәрмеңкесі де өтіп жатыр. Бұл туралы aqshamnews.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Биыл жәрмеңкенің сауда орындары Қазыбек би көшесінің Панфилов пен Назарбаев көшелерімен қиылысар тұсы аралығына орналасты. Ол таңертеңгі сағат 10:00-де өз жұмысын бастап кетті. Ол кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады.

Биыл алма жәрмеңкесі екі күн қатарынан өтеді. Оған көптеген шаруа қожалығы қатысып, алманың 50-ге жуық сортын ұсынады. Жәрмеңкеге 200 тоннадан астам алма жеткізілді.

Алманың отаны саналатын Алматыда өтетін мерекелік алма жәрмеңкесі қала тұрғындары үшін дәстүрлі шараға айналған. Жыл сайын жәрмеңкені асыға күтетін тұрғындар алманың түрлі сорттарының дәмін татып, отбасымен бірге уақыт өткізуді дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар Алматыға келген отандық және шетелдік туристер де қаланың әйгілі алмасының дәмін татуға ерекше қызығушылық танытады.

Жәрмеңкеге келген көптеген шетелдік туристер шараны жоғары бағалап, қала әкімдігіне алғыстарын білдірді. Олар Алматының алмаларымен танысып, жергілікті өнімдердің дәмін татуға мүмкіндік алғанына қуанышты екенін атап өтті.

Қала күніне орай сондай-ақ мемлекеттік академиялық қуыршақ театры бойлы қуыршақтардың, әйгілі ертегі кейіпкерлерінің, көңілді клоундардың қатысуымен мерекелік шеру ұйымдастырды.

Шара шеңберінде бір алаңға 1000 жас суретшіні біріктірген ауқымды «Almaty: Bala.Art – Мың бала» балалар пленэрі өтті.

Бұдан бөлек, қаланың түрлі алаңдарында тұрғындар мен қонақтарға арналған көрмелер қанат жайып, Алматының тарихы, мәдениеті, өнері мен шығармашылық әлеуеті таныстырылуда.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен қаланың бірнеше алаңында көрмелер көген созды.

Алматы метрополитенінің «Алмалы», «Жібек жолы», «Сайран», «Сарыарқа» және «М. Әуезов атындағы драма театры» бекетінде дәстүрлі фотокөрме қатарға тұрды. Ертең кешке дейін жалғасатын экспозицияда метро жолаушыларына Алматының тарихы, мәдениеті, өнері мен сәулетіне арналған фотосуреттер мен ақпараттық материалдар бар.

Таңбалар: алма жәрмеңкесіАлматықала күні

Ұқсас мақалалар

Дархан Сатыбалды: Болашаққа ұмтылған Алматы
Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: Болашаққа ұмтылған Алматы

19.09.2026
Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр
Дәулет

Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

11.09.2026
Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады
Әлеумет

Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

08.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

  • СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

  • Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

  • Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

  • ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

  • Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist