19 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Алтайдай жер қайда?!»

Қатонқарағайда осы тақырыппен халықаралық айтыс өтеді

22 Маусым 2022 16:44
- Жаңалықтар, Руханият
«Алтайдай жер қайда?!»
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Жуырда, яғни 1 шілдеде Шығыс Қазақстанның көрікті жері Катонқарағайда «Алтайдай жер қайда?!» халықаралық ақындар айтысы өтеді. Оған қазақстандық айтыскер ақындармен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен де айтыс өнерінде танылып жүрген ақындар қатысқалы отыр.

Осы орайда қара сөзден өлең жолдарын өріп жүрген өзбекстандық айтыскер ақын Талғат Орынбекпен әңгімелескен едік.

Талғат Орынбек – Өзбекстан Республикасының азаматы. Ташкент қаласындағы педагогикалық колледждің мұғалімі. Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы.

2018 жылы Астана қаласында өткен Орта Азия елдерінің бас қосу саммитінде  бес елдің президентіне арнау айтқан-ды.

Айтыста шындық айтылып, бетпе-бет келген екі ақын барынша сөз түйінін түйгенше жанын салады. Әуелгі амандықтан бастап, тоқсан ауыз сөздің түйінін түйгенше қос ақын да түрлі айла мен тәсілді қолданады.

Суырып салма өнері өнердің ішіндегі асылы. Әбден жаттыққан ақынға жүйелі ойды аталы сөзбен, шымшыма әзілмен жеткізу қиындық туғызбайды. Сөз жарысында біреуі жеңіп, біреуі жеңілгені – сөзден тосылғанынан емес, ой ұтқырлығымен алдыға суырылып шыққандығынан.

Т. Орынбектің ойынша, айтыста негізгі берілген бір тақырып аясында тоқырап қалмай, ұшқыр ойдың қанатын кеңге жайған абзал. Содан тың идея, жақсы сөз, тапқыр шешім туындайды.

Айтыс өнері ежелден қалыптасқан жанр. Орта Азия елдерінде айтыс әр кезеңдерде дамып, өрістеп келеді.

«Өзбекстанда айтысқа ұқсас бақшылық өнері бар. Біздің елде бұған да көңіл бөлініп жатыр. Фестивальдер ұйымдастырылып, соның аясында ақындар айтысы өтіп тұрады», – дейді Т. Орынбек.

Былтырғы жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша Үкіметаралық комитеттің сессиясында бақшылық өнерін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізу мәселесі талқыланған болатын.

Шын мәнінде де ежелгі мұраны бүгінгі күнге сол күйінде жеткізіп келген өнердің майталмандарынан аманат етіп қабылдап, оны сол күйінде сақтап, әріге жеткізетін саналы жасты тәрбиелеу керек-ті.

Ол жайында ақын: «Аға буынның ізін басқан жастар баршылық. «Аттың ізін тай басар» демекші, шайырлығымен, шапшаңдығымен, сүбелі сөздерді қозғай алуымен өнерін көрсетіп жүрген ақын бауырларымыз жеткілікті», – дейді.

Халық үнінің жаршылары – айтыскер ақындар. Халық жиналған жерде сөз жарыстыратын өнердің бұл түрі аламан бәйгеге бергісіз. Халық қашанда көкейіндегісін дөп басып, ұтқыр сөзбен жеткізе білетін ақынды қадір тұтқан.

Осы тұрғыда Талғат Орынбек: «Айтысты тамашалайтын көрерменнің саны емес, сапасы маңыздырақ. Өйткені әрбір көрермен айтыстан ой түйіп қайтса, ақындар үшін осы үлкен жетістік, нәтиже деп айтуға болады», – деді.

Сөз соңында халықаралық айтыстың ерекшелігі тек ел ішіндегі емес, ел сыртындағы ақындардың бас қосуына себеп болуында екеніне тоқталдық.

«Әр елден келген әрбір айтыскер ақын сол елдің аманатын арқалап келеді. Ол үлкен жауапкершілік. Сол арқылы халықаралық татулықты, достықты нығайтады деп ойлаймын», – деп қорытты өзбекстандық ақын.

Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады:

Назерке Оркара +7 702 140 27 80, Аксулу Сангали +7 702 888 3138

Таңбалар: айтысАлтайжарнама

Ұқсас мақалалар

Сыр елінде Жалаңтөс Баһадүрдің атын ұлықтауға арналған айтыс өтті
Әлеумет

Сыр елінде Жалаңтөс Баһадүрдің атын ұлықтауға арналған айтыс өтті

09.05.2026
РФ президенті Владимир Путиннің Алтайдағы астыртын «бункері» өртеніп кетті
Жаңалықтар

РФ президенті Владимир Путиннің Алтайдағы астыртын «бункері» өртеніп кетті

31.05.2024
Алтай өлкесінде тұратын әйел 1,5 жасар қызын өртеп жіберген
Жаңалықтар

Алтай өлкесінде тұратын әйел 1,5 жасар қызын өртеп жіберген

23.02.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist