8 Қыркүйек, 20:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айсұлтан Назарбаев салафиттер бүлік әзірлеп жатқанын айтыпты

14 Қаңтар 2022 12:18
- Жаңалықтар, Таным
Айсұлтан Назарбаев салафиттер бүлік әзірлеп жатқанын айтыпты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 14 қаңтар. Дариға Назарбаеваның кіші ұлы Айсұлтан кезінде нағашы атасы Нұрсұлтан Назарбаевқа салафиттердің Алматы түбінде бүлік ұйымдастыруға дайындалып жатқанын айтып, едәуір ескерткен екен. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады.

Сол кезде Лондонда тұрып жатқан Айсұлтан Назарбаев өзінің бұл болжамын сол бойда Фейсбук желісіндегі парақшасында да жазады. Желіге 2020 жылғы 6 маусым күні түскен жазбада ол Елбасының төңірегіндегі нөкерлердің мемлекеттік билікті басып алу үшін 400 салафитті Алматы маңындағы тауларда арнайы дайындап жатқанын атап көрсетеді.

«Бір ғана және жалғыз Құдай сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы төңірегіндегілердің салафиттер тобын барлық керекті нәрселерімен, соның ішінде қару-жарақтармен қамтамасыз етіп, демеушілік жасап отырғанын жеткізуді сұрады. Салафиттер саны – 400 адам. Олар билікті күштеп тартып алуды, соның ішінде қару қолдану жолымен басып алуды жүзеге асыруға керекті барлық қарумен жарақтандырылған. Оларды ормандардың арасы мен таулардың басына жасырып отыр, бірқатары Орталық Қазақстанда, елордаға жақын жерлерде! Спутник және радиолокациялық байланыс жүйелері оларды оңай тауып алады! Бұлардың екінші жоспары да осы! Бірақ бұлардың ойлары жүзесе аспайды, өйткені, альфа мен омега мұның басы мен соңы осы екенін айтты!», – деп жазыпты Айсұлтан сонда. Біз оның орысша жазылған мәтінін сол қалпында аударып беріп отырмыз.

Айсұлтан Назарбаев осыдан кейін не өзінің көзі жойылып кететінінен, не жындыханаға апарып жатқызылып қойылатынынан қауіп қылған көрінеді.

Кейінірек Айсұлтан Фейсбук арқылы Владимир Путинге де шығып, «Қазақстанда төңкеріс жасау жөніндегі барлау жоспарын» Назарбаевқа беруді сұрайды. Оны және әдеттегі мемлекет аралық арна арқылы емес, Назарбаевтың қолына жеке тапсыруды өтінеді.

Ол бұған ЦРУ-дің қатысы бар екенін айтып, былай түсіндіреді:

«Қазақстанда төңкеріс жасау әрекеттерінің сыртында АҚШ-тың арнайы қызметі, атап айтқанда, ЦРУ тұр, тап осылар салафиттер мен ислам радикалды ағымдарын басқарып отыр. Төңкеріс не діни сипатта, не ұлттық негізде басталады!.. Басты міндет – Ресейді жан-жақтан қоршауға алып, оны бейтараптандыру үшін Ресейдің іргесінен берекесіздік (хаос) ұйымдастыру… Бұл жоспар 1995 жылы-ақ жасалып қойылған… Сондай-ақ бұған президентке ең жақын шеңбердегі адамдардың да қатыстары бар, бұл операция өте мұқият түрде ойластырылған!», – деп жазды ол тағы үш күннен кейін.

Таңбалар: Айсұлтан Назарбаевбүліксалафит

Ұқсас мақалалар

Кремль Шойгуден қауіптеніп, Мәскеуде интернетті бұғаттап тастады
Жаңалықтар

Кремль Шойгуден қауіптеніп, Мәскеуде интернетті бұғаттап тастады

10.03.2026
Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде
Жаңалықтар

Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде

19.06.2025
РФ армиясының 7-ші дивизиясы Пригожиннің «маршын» қайталамақшы
Жаңалықтар

РФ армиясының 7-ші дивизиясы Пригожиннің «маршын» қайталамақшы

18.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist