18 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кастро дәуірі келмеске кетті. Куба жаңа лидерін атады

20 Сәуір 2021 09:28
- Жаңалықтар, Жаһан
Кастро дәуірі келмеске кетті. Куба жаңа лидерін атады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ГАВАНА. 20 сәуір. Кеше Куба коммунистік партиясы Мигель Диас-Канельдің партияның бірінші хатшысы болып сайланғанын жариялады. Ол Рауль Кастроның орнына келді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Диас Канель бұдан үш жыл бұрын Кастроның Куба президенті деген лауазымын алған еді, енді Бостандық аралындағы одан да гөрі ықпалды да құдыретті қызмет – партия басшылығына қол жеткізіп отыр.

Атап өтілгендей, Бостандық аралында революция жеңіске жеткен 1959 жылдың қаңтар айынан кейін бірінші рет бұл өлкені Кастро фамилиялас емес адам басқарғалы тұр.

Қазір жасы 89-ға келген Рауль Кастро 1959 жылғы революцияның жеңісі нәтижесінде генерал Фульхенсио Батистаны билік басынан ығыстырып шығарғаннан кейін Кубаны үзіліссіз басқарып келген туған ағасы Фидель Кастро 2011 жылы өз еркімен бергесін бірінші хатшының орынтағын қолына алған болатын.

Ал Мигель Диас-Канель одан тура 30 жас дерлік кіші. Мемлекеттік социализм моделіне ымырамен қараған ол өзін президент ретінде жақсы қырынан көрсетті. Диас-Канель жеке секторды шектеп кеңейге рұқсат етті. Саяси лидер ретінде ле күтпеген өзгерістерге бармайтын сияқты.

Мигель Диас-Канель өзінің саяси мансабын бұдан 20 жыл бұрын Фидель Кастромен бірге соғысқан Че Гевараның мавзолейі орналасқан Санта-Клара қаласында жастардың коммунистік лигасының мүшесі ретінде бастады.

Диас-Канель 2009 жылы білім министрі, 2013 жылы мемлекеттік кеңестің вице-президенті, ал 2018 жылы Кубаның президенті болды.

Куба Диас-Канельдің басшылығымен Солтүстік Корея, Қытай, Ресей, Боливия және Венесуэла елдерімен жақсы-қарым-қатынас орнатып келеді.

Рауль Кастро 16 сәуірде өзінің Куба коммунистік партиясы басшысы қызметін тоқтатып, тізгінді беретінін жариялады.

Таңбалар: КубаМигель Диас-КанельРауль Кастро

Ұқсас мақалалар

Politico: Трамп Кубаға қарсы әскери операция қарастырады
Жаңалықтар

Politico: Трамп Кубаға қарсы әскери операция қарастырады

03.05.2026
Трамп Ираннан кейін шабуыл жасалатын мемлекеттің атын атады
Жаңалықтар

Трамп Ираннан кейін шабуыл жасалатын мемлекеттің атын атады

14.04.2026
Путин армиясының ең ірі шетелдік күші кімдер болатыны анықталды
Жаңалықтар

Путин армиясының ең ірі шетелдік күші кімдер болатыны анықталды

08.10.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist