Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Мундиаль жеребесі: Қазақстан құрамасы D тобына түсті

ЦЮРИХ. 7 желтоқсан. Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазақстан футбол құрамасы жеребе бойынша D тобына түсті. Ол Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина терме жамағаттарымен күш сынасады.

Командалар 10 топқа бөлінді. Топтардың жеңімпаздары бірден чемпионатқа жолдама алады. Ал екінші орын алған 10 команда плей-офф ойындарын өткізеді.

A тобы: Португалия, Сербия, Ирландия, Люксембург, Әзербайжан.
B тобы: Испания, Швеция, Грекия, Грузия, Косово.
C тобы: Италия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария, Литва.
D тобы: Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина, Қазақстан.
E тобы: Бельгия, Уэльс, Чехия, Беларусь, Эстония.
F тобы: Дания, Австрия, Шотландия, Израиль, Фарер аралдары, Молдова.
G тобы: Нидерланд, Түркия, Норвегия, Черногория, Латвия, Гибралтар.
H тобы: Хорватия, Словакия, Ресей, Словения, Кипр, Мальта.
I тобы: Англия, Польша, Венгрия, Албания, Андорра, Сан-Марино.
J тобы: Германия, Румыния, Исландия, Солтүстік Македония, Армения, Лихтенштейн.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button