Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қызылордада 55 тауарлы балық фермасы іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қараша. Қызылорда облысында 55 жаңа тауарлы фермасы ашылып, іске қосылғалы тұр. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаға rast.kz хабарлады.

«Сыр елінде балық экспорты жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл үшін балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Белгіленген мерзімге дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс орны арқылы тауарлы балық көлемін 34 есеге, ал балық өнімінің экспортын 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, өңірде 10 тоған және 4 торлы ферма құрылғысы салынады.

Астанадағы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ішкі нарыққа қажет өнім өндіру үшін шағын өндіріс орындарының үлесі артып келе жатқанын жеткізді. Айталық, биыл Сыр елінде макарон, бұқтырылған қой, сиыр және жылқы еттерінен консерві дайындау өндірісі іске қосылды. Бұған қоса, өңірде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика, ас тұзын шығаратын испан технологиясымен жұмыс жасайтын 3 цех, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасау зауыты, 1 200 басқа арналған ірі қара малын өсіру және сүт өңдеу кешені салынады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button